«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫНА БАСЫМДЫҚ БЕРІЛУДЕ

2020 жылғы 12 Қазан
- Маңғыстау облысы
1431 просмотров

Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмов Түпқараған ауданына қарасты Ақшұқыр ауылында орналасқан өңірдегі жалғыз бекіре фермасына барып, бірқатар қаруа қожалықтарымен кездесті. «Kazakh osseter» ғылыми-өндірістік кәсіпорны 2014 жылдан бері  ерекше тұқымдас балық өсіре бастады. 2015-2017 жылдары салмақтары нормативке сай 10 000 дана бекіре тұқымдас балықтар сатылды.

         Соңғы 3 жылда 52 тонна балық өндірілді. Бүгінде бекіре фермасы өз өнімін бүкіл Қазақстан аумағы мен шетелдерге жөнелтеді. Бірнеше жылдан бері тауар Ресей мен Грузияға жіберіліп  жатыр. Өткен жылы «Kazakh osseter» компаниясы 9 тонна бекіре балығын сатылымға шығарды, оның 1,5 тоннасы экспортқа кетті. Ағымдағы жылдың 1 тоқсанында 2,5 тонна сатылды. Қазіргі уақытта ферманың 38 бассейнінің әрқайсысында орыс, Сібір бекіресінің шабақтары, белуга, стерлет және басқа бекіре тұқымдас будандар өсірілуде.

Кездесу барысында балық шаруашылығымен айналысатын кәсіпкерлер облыс әкіміне шаруашылықтары бойынша таныстырылым жасап, мәселелерін ортаға салды.

Сегізбай Ата ауылшаруашылық кооперативі» ӨК Маңғыстау ауданы Шетпе кентінде 2017 жылы өз кәсібін бастаған. Ең алғаш түйе, жылқы, қой еттерін консервілеуден бастап, кейін балық консервілеу жұмыстарына көшкен. Бүгінгі таңда өндірістік кәсіпорында 2 цех, 10 және 5 тонналық тоңазытқыш камералары, балық тазалайтын орын және күніне 400 шт консервілеу жүргізетін аппараттар қолданылады. Сонымен қатар, сыйымдылығы 500 кг ыстау камерасы орналасқан.

2018 жылы «Caspian Fish @ 12» кәсіпорны «Даму» РМФ» АҚ қолдауымен «Nur Kapital» бағдарламасымен субсидия алып, Қарақия ауданы Теңге ауылында балық өнімдерін өңдеуге арналған үлкен ғимарат салды. Негізгі мақсаттары: балық өнімдерін өңдеу, бөлшектеу, кептіру, тұздау. Кәсіпорында  Ресейден әкелінген сыйымдылығы 25 тн мұздатқыш және 5 тн тоңазытқыш камералар, сыйымдылығы 200 кг ыстау және 150 кг кептіру камералары орналастырылған.

Сонымен қатар, «Булекбаев» жеке кәсіпкерлігі Қаракөл көлінде қуаттылығы жылына 30 тонна тоғандық балық (сазан) шаруашылығын дамыту жобасын инвест жоба ретінде қарап, жер орынға кадастрлық жоспары алынған. Ақтау қаласы әкімдігінің шешімі негізінде 2025 жылға дейін жалдау құқығымен келісім-шарт жасалды. Қазіргі уақытта ҚР ЭГТРМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінен келісім алынып, жобалық-сметалық құжаттамасы жасақталып, мемлекеттік сараптамадан өтуге жолданған.

Облыс әкіміне таныстырылым жасаған шаруа қожалықтары өз кәсібін ары қарай дөңгелетуге қажетті мәселелерін айтып, қолдау көрсетуді сұрады. Аймақ басшысы өз кезегінде әр мәселенің жеке қаралып, тиісті шаралар қабылданатынын айтты.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер