«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Маңғыстаулық кәсіпкерлер тыныс алу аппараттарын жеткізуде

2020 жылғы 17 Шілде
- Маңғыстау облысы
3164 просмотров

Өкпесі қабынған науқастарға көбіне қазір жасанды тыныс алу құрылғылары аса қажет. Сырқат саны көбейген сайын аталған оттегі концентраторына деген сұраныс та артып келеді. Қымбат құрылғының 54-і облыстық ауруханада ашылған провизорлық орталыққа жеткізілді. Бұл халықтың амандығы үшін атсалысып жүрген жомарт жандардың тартуы

Атап айтсақ, «Қаражанбасмұнай» компаниясы 30 оттегі концентраторларын сатып алуға демеушілік көрсетті. Самат МұсабаевАсылбек Жолдыбаев, Б. Оңдасынов, Ж.Әділбеков, И. Бимырзаев, Н. Күншығаров, С. Мұңалбаев, А. Керелбаев сынды құрылысшы ағалармыз 20 данасын, «Форте» банктың МОФ директоры Аббат Урисбаев 4 данасын сатып алып берді. Енді бұл аппараттар сырқаттанған жүздеген жанның өмірін сақтап қалуға ықпал етпек.  

Ресейден Маңғыстау облысына 45 оттегі концентраты келді. «Софимед» клиникасының құрылтайшысы Маржан Орманова мен кәсіпкер Сергей Ворожейкиннің демеушілігімен арнайы алынған аппараттардың 30-ы облыстық ауруханадағы провизорлық стационарға, 5-і Жаңаөзен қаласына, ал аудандарға екі-екіден үйлестірілді. Аталған құрылғылар дәл қазір дәрігерлердің қолына тапсырылып, қала, аудандарға жөнелтілді.

Ал, Жаңаөзендік кәсіпкерлер қалалық ауруханаға екі оттегі концентраторы мен бес пульсоксиметр құрылғыларын тарту етті. Жанында тағы 30 төсек жабдығы бар.

 Жаңаөзен қалалық Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы, кәсіпкер Тілектес Болатбаеваның айтуынша, қарылғаштың қанатымен су сепкендей көмек болса да, осындай қысылтаяң шақта тыныс алу аппараттарын табыстауды жөн көрдік. Әр азаматтың сауығып кетуіне ат салысу- дені сау пендеге міндет.  Ақ желеңді жандарға көмектесуге дайын. 

Жаңаөзен қаласының автокөліктерге газ құю станциясы кәсіпкерлерінің атынан елімізде таралған Covid-19 індетіне байланысты қайырымдылық көмек жасау мақсатында 2 оттегі концентранторы және тоңазытқыш тарту етілді. Аталған құрылғылар Жаңаөзен қалалық орталық аурухананың директоры міндетін уақытша атқарушы Жеңіс Жұбатқанұлына табысталды. Сонымен қатар, аурухананың қызметтік көліктерін тегін газбен қамтасыз етуде. Індетпен күресте елдің жанынан табылып, өз үлестерін қосып жатыр. 

Өлкеге белгілі іскер Аббат Өрісбаев бастаған бизнес өкілдері Маңғыстау облыстық ауруханасына 100 оттегі толтырылған баллондар жеткізді. Қазір науқастар санының күрт көбеюінен осы құрылғыға мұқтаждық бар. Осы олқылықтың орнын толтыру үшін кәсіпкерлермен қоса белсенді азаматтар да тыным таппай жүр.

«Әлеуметтік желілерде үндеу жасағанбыз. Кімдерде сақталып тұрған, жарамды құрылғылар болса бір ортаға жинауға шақырдық. Осыншама баллонды оттегімен толтыруға кәсіпкерлер көмегімен шештік. Көпшіліктің ат салысуымен, қолда барын қосуымен біткен шаруа»,- дейді Аббат Өрісбаев.

Індетпен күресте елдің жанынан табылып, өз үлестерін қосып жатқан жомарт жандарға көпшілік алғыс айтуда.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер