«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Ақтауда катамаран шығарыла бастады

2020 жылғы 08 Маусым
- Маңғыстау облысы
2599 просмотров

Енді Ақтау қаласының тұрғындары мен қонақтары жергілікті өндірістен шыққан катамарандарда серуендейтін болды

Каспий теңізінің жағалауын бойлай саяхаттайтын кемелер Ақтауда жасалған. Құрылыс материалдары Еуропа, Ресей мен Қытайдан жеткізілді.

Су көлігі Маңғыстаудың  ең танымал жазығының құрметіне- «Үстірт» деп аталады.

Катамарандардың бірінің капитаны Дарья Старостина: «Менің әкем-теңізші. Ол осында өсті. Мен де капитан болуға ұмтылдым. Капитан жұмысында ең қиыны – қате жібермеу, барлығын уақытында үлгеру. Теңізші жігіттер тыңдалғанына қарамастан, кемені жүргізу маған бұйырды» - дейді ол.

Екі палубалы катамаран Ақтауда тоғыз ай бойы құрылды. Оған жергілікті яхт-клуб мүшелері жұмыс істеді. Құрылыс материалдары Еуропа, Ресей және Қытайдан жеткізілді.

Кемеге экипажды қоса есептегенде 50-ге жуық адам сияды. Катамаранның жылдамдығы сағатына 30 шақырымға дейін жетеді. Онда 25 аттың күші бар екі шусыз және үнемді қозғалтқыш орнатылған.

- Маңғыстау облысында туризмді дамытудың «Жол картасы» жасақталғанда, біз екі палубалы, моторлы серуен катамаранды құрастыра аламыз деп мәлімдедік. Біз «Даму» бағдарламасымен несие алдық. Шыны пластик қайықтар мен шағын моторлы қайықтар шығарамыз. Барлығы шыны пластиктерден. Бұл заманауи материал. Аса төзімді, сапалы, - деп түсіндірді жергілікті кәсіпкер Андрей Чулаков.

Қазіргі таңда Каспий теңізінің Ақтау жағажайында осындай екі кеме жүзуде. Жақын арада үшінші су көлігін Атырауға жібереді. Төртінші катамаранның жасалуына тапсырыс алынды. Келесі жылы кеме Нұр-Сұлтан қаласына аттанады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер