«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Төтенше жағдай кезеңінде маңғыстаулық кәсіпкерлерден 500-ден аса сауал түсті

2020 жылғы 23 Сәуір
- Маңғыстау облысы
4020 просмотров

Бүгін Маңғыстау облысы қоғамдық коммуникациялар орталығында өткен брифингке Өңірлік кәсіпкерлер палатасының бөлім басшысы Асхат Байболатов қатысты. Оның айтуынша, Маңғыстау облысының кәсіпкерлер палатасына бизнес субъектілерінен 500-ден аса сауал келіп түсті.

Төтенше жағдай жарияланған кезде кәсіпкерлердің сауалдарының басым көпшілігі ғимараттарды кәсіпкерлік бағытта жалға алу кезіндегі ай сайынғы ақысын төмендету, салық мәселелері, несиелердің, коммуналдық қызметтердің төлемақысын кейінге шегеружәне әлеуметтік көмек алу туралы мәселелер. Облысымызда карантин жариялану туралы қаулы қабылданған күннен бастап қала, ауданаралық қойылған блок постардан кіріп-шығу, азық-түлік емес қызмет түрлеріне рұқсат беру, егін - мал шаруаларының өз шаруашылықтарына барып келу, форс-можор куәлігін алу және тағы басқа да сұрақтары көбейді.

Бизнес субъектілерінен келіп түскен арыздар жеке-жеке қаралып, Кәсіпкерлер палатасының тікелей араласуымен олардың басым көпшілігі оң шешімдерін тапты, қалғандарына құқықтық түсіндірмелер берілді.

Сауалдардың мазмұны жалға алу кезіндегі проблемалар бойынша 90 адам  жүгінді, ал несиелер мен комуналдық қызметтердің ай сайынғы төлемақысын кейінге шегеру-85, әлеуметтік көмек алу-65, "Бастау" курсы, гран алу мәселелері-42, қала, ауданаралық қойылған блок постардан кіріп-шығу, азық-түлік емес қызмет түрлеріне рұқсат беру, егін - мал шаруалардың өз шаруашылықтарына барып келуі-154 кәсіпкер көмек сұрады.

«Ал, жыл басынан бергі дерекке тоқталар болсақ, төтенше жағдайға дейін кәсіпкерлер палатасына 79 өтініш келіп түсті, оның ішінде: Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау саласы бойынша 21, түрлі бағыттар бойынша 58 өтініш келген. 21 өтініш бойынша кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау желісі бойынша 11-і оң шешілді (52,38%) Кәсіпкерлер жиі жүгінетін мәселелер: жер, сатып алулар, кәсіпкерлер арасындағы азаматтық-құқықтық даулар, әкімшілік кедергілер, логистика, лицензиялау/рұқсат беру, бизнесті сервистік қолдау. Өтініштер санының азаюы облыстың көптеген кәсіпкерлері төтенше жағдайға байланысты өз қызметін уақытша тоқтатты»,- дейді Асхат Байболатов.

Маңғыстау облысының кәсіпкерлік субъектілері карантин кезіндегі жұмыс тәртібі былай: Маңғыстау облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысымен облыс аумағында карантин шаралары енгізілді. Сол себепті азық-түліктен басқа тауарларды сату нысандары өз қызметін тоқтатты. Барлық азық-түлік емес сауда орталықтары, дүкендер, автосалондар, автоқосалқы бөлшектер сату салондары, гүл павильондары, химиялық тазалау орындары, кір жуу орындары, фотоателье, жеке және мемлекеттік балабақшалар, сұлулық салондары, қоғамдық моншалар, сауналар, фитнес клуб және басқа да қызмет көрсету орындары жұмысын тоқтатты. Санитарлық-эпидемияға қарсы шараларды күшейте отырып, барлық азық-түлік дүкендері мен дәріханалар, қоғамдық тамақтану нысандары «тұтынушыға дейін жеткізу» қағидаты бойынша жұмысын жалғастыруда. Қызметі шектелмеген кәсіпорындар мен объектілер әрбір 3 сағат сайын дезинфекция жүргізіп, санитарлық шараларды күшейтуі тиіс (кіре берісте қызметкерлер үшін санитарайзерлер орнату); персоналдың жұмыс кезінде бір рет қолданылатын қолғаптар мен антисептик пайдалануын қамтамасыз етуі тиіс; респираторлық инфекция белгілері бар қызметкерлерді жұмысқа жібермеуі тиіс. Сондай-ақ қалыпты жұмыс режимін тоқтата тұру және өз қызметін қашықтан жалғастыруда. Қазір бизнес алдында бірқатар проблемалар тұрғанын білеміз. Ғимараттарды жалға алу құнын шегеру, несие, салық төлемі, қызметкерлердің жалақысы, тапсырыстар мен өткізу санының төмендеуі.

Асхат Байболатовтың мәлімдеуінше, әрбір мәселе бойынша бизнесті қолдау шаралары қабылдануда. Ағымдағы жылдың 20 наурызынан бастап мемлекеттік, квазимемлекеттік жылжымайтын мүлік объектілері бойынша бизнесмендер үшін 3 ай мерзімге жалдау төлемдерін есептеу тоқтатылды. Қазір Кәсіпкерлер палатасы облыстық кәсіпкерлік және сауда басқармасымен бірлесе отырып, коммерциялық үй-жайларды жалға алатын шағын және микробизнес субъектілерінің жалдау ақысын кейінге қалдыру немесе төмендету мүмкіндіктерін қарастыруда. Кадр мәселесі бойынша қазір кәсіпкерлер ТЖ режимін енгізуге байланысты табыстан айырылуына байланысты 42500 теңге (1 ЕТЖ) бойынша әлеуметтік төлемдер үшін тізімдерді қалыптастыру үшін қызметкерлер бойынша деректерді ұсынуы тиіс. Сондай-ақ, бизнеске ешқандай жағдайда ТЖ режимін бұзуға болмайтынын ерекше атап өткім келеді.Хабарланған шектеулерге қарамастан, қандай да бір объектілер жұмыс істеуді жалғастыруға ниетті екендігі туралы ақпарат келіп түседі. Біздің міндетіміз-бизнеске жауапкершілік туралы ескерту. Маңғыстау облысының кәсіпкерлер палатасы жанынан кәсіпкерлерге жедел көмек көрсету штабы құрылды. «Атамекен» ҰКП call-орталығы-1432. Маңғыстау облысының кәсіпкерлер палатасының жедел желісі: ұ.т: 8775 493 5869, 8701 819 8239.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер