«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Ауыл әйелдері марапатталды

2020 жылғы 07 Наурыз
- Маңғыстау облысы
2918 просмотров

Маңғыстау облысының Түпқараған аудандық  іскер әйелдер кеңесінің ұйымдастыруымен үлкен шара өтті

«Түпқараған ауданының үздіктері-2020» деген атаумен өткен байқауда «Үздік кондитер», «Үздік киім-кешек дүкені», «Үздік азық-түлік дүкені» т.с.с. 19 түрлі бағытта шашасына шаң жұқтырмаған белсенді іскерлер анықталды. Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында аналарған үлкен қуаныш сыйлау мақсатында өткен шарада «Бастау» курсын оқып, кәсіп ашып, напақасын тауып отырған жастар мен кәсіпкер әйелдер бақ сынасты.

Бұл шараның аясында кәсіпкерлердің қолынан шыққан бұйымдар қойылған көрме-джәрмеңке өтті. Оған бұрын-соңды додаларға қатыспаған балалар киімдерінің цехы немесе жалюзи өндірісі т.б.әйелдер басқаратын ұжымдардың өнімдері қойылды. Жақында ғана тағайындалған Түпқараған ауданының әкімі Айбек Қосуақов іскер әйелдер кеңесінің жұмысымен етене танысып, оң бағасын берді. Болашақта әйел кәсіпкерлерінің барлық бастамаларына қолдау көрсететінін атап өтті.

«Осыдан 4 ай бұрын Ақтау қаласы кәсіпкерлері қолға алып, Түпқараған ауданына «Бизнес-эстафета» табыстаған болатын. Жылжымалы кубокты түпқарағандықтар Маңғыстау ауданына жолдады. Келесі іскер әйелдер форумы сол жерде өтетін болады.
Бұл үлкен шараның бағдарламаларын толықтыра түскен игі іс болды. Шара өз мақсатына жетті. Түпқарағанның кәсіпкер қыз-келіншектеріне үлкен серпін берген, кәсіптерін әрі қарай дамытуға жол көрсеткен мерекелік шара жоғары деңгейде өтті. Бұрын болмаған әлеуметтік желі арқылы саудасын дамытқан әйелдерді марапаттау тәсілін де қостық»,- деп сөзін түйіндеді МО кәсіпкерлер палатасы Түпқараған аудандық филиалына қарасты Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Бибігүл Рамазанова.

«Ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрлер мен отбасы құндылығын сақтау - әйелдің басты міндеті. Ал бүгінгінің әйелі отбасы ошақ қасының шаруасын дөңгелеткен аналар бизнесте де өзін дәлелдеп келеді. Балалар киімдері, құрақ көрпе, әшекей бұйымдар барлығы нәзік жандылардың қоолынан шыққан. Олардың еңбектерін жоғары бағалаймыз. Әрбір кәсіпкер әйел отбасы мен кәчібін қатар ұстап, екеуіне де ілтипатпен мән беріп келеді. Олардың қолынан шыққан бұйымдар жыл сайын дамып, өркендеп, жаңарып отыр»,- дейді өңірлік кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Гүлмира Қалмұратова.   


          Шара соңында нәзік жандылар Форт-Шевченко қаласындағы орталық саябаққа ағаш отырғызды.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер