«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Кәсіп бастауда қолдау бағдарламалары тиімді

2020 жылғы 03 Наурыз
- Маңғыстау облысы
3330 просмотров

 Елімізде жеке кәсібін ашып, өз ісін дөңгелеткісі келетіндер қатары жыл сайын артып келеді

Осы орайда шағын және орта бизнесті дамытуға және қолдауға бағытталған бірнеше бағдарламалар жүзеге асырылуда. Соның бірі «Бастау» жобасы. Осы жоба арқылы білім алған тәлімгерлер қайтарымсыз қаражат ала бастады. Жыл басынан бері Бейнеу ауданынан 5 грант, Жаңаөзен қаласынан 30, Ақтау қаласынан 10 грант ұтып алды. Атап айтсақ , Ақтау қаласынан алғаш ашылған «Муви рум» антикино залы. Жас кәсіпкер Шынар Мұхитова бұл кәсіптің түрі  қаламызда болмағандықтан ашуды шешеді. Кәсіп ашуға 1 млн 300 мың шамасында қаражат жұмсалған соның 530 мыңы грант.  Кино көруге 14-40 жас аралығындағы адамдар келе алады. Кино
зал 3 бөліктен тұрады: 1 залда 1-2 адам, 2 залда 1-5 адам, 3 залда 1-10 адам фильм көруге мүмкіндіктері бар. Кіру құны 2 сағатқа  – 3500 теңге.

 Ал, Жаңаөзен қаласынан жас кәсіпкер Әлия Кулиева «Еңбек» бағдарламасымен ең алғашқы шағын балалар ойын сауық орталығын ашты. Бұл орталықтың ерекшелігі – балалардың ми жүйесінің дамуына, ойлау қабілетінің қалыптасуына, шығармашылығын шыңдауға ықпалын тигізеді. Мұнда 3-12 жас аралығандағы балалар уақыттарын қызықты әрі пайдалы өткізе алады. Орталықтың іші заманауи құрал- жабдықтармен жасақталған.  Алматы қаласынан арнайы тапсырыспен алдыртылды. Ата-аналарға арналған тамақтану орын да  қарастырылған.

 Сондай-ақ , жас кәсіпкер Айнұр Тілекқабылова Қайтарымсыз қаражат 530 мың теңге  ұтып алып,  Бейнеу ауданынан кондитерлік өнім жасайтын цех ашып , өзінің сүйікті ісімен айналысып отыр. Ұннан жасалынған  тәтті торт, тоқаш, бәліш өнімдерін жасап шығаруда. Цехті ашудағы мақсаты - халыққа қол жетімді бағада тәттілермен қамтамасыз ету. Тәттілерді пісіруге арнайы пештер мен табаларды Алматы қаласынан тапсырыспен алдырған. Қазіргі таңда ауыл супермаркетімен шартқа отырып күніне  бәліш, самса өнімдерімен қамтамасыз етіп отыр.

  Алдаға уақытта Ақтау қаласы бойынша 60 грант, Жаңаөзен қаласына 130, Мұнайлыға 50, Бейнеу ауданына 45, Маңғыстау ауданына 35 грант, Түпқараған 45, Қарақия ауданына 35 грант бөлу жоспарда бар. «Еңбек» бағдарламасы еліміздегі жұмыссыздардың санын азайтуға  пайдасы мол кәсіп ашуға септігін тигізіп отыр.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер