«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Маңғыстаудың Іскер әйелдер кеңесі үздіктер қатарында

2020 жылғы 19 Ақпан
- Маңғыстау облысы
4917 просмотров

Өңірлік кәсіпкерлер палатасы Іскер әйелдер кеңесі 2019 жылы 11 отырыс өткізіп, оның ішінде 4-уі көшпелі болды. Қарақия, Маңғыстау және Мұнайлы аудандарында өтті

Іскер әйелдер кеңесінің ірі шарасы Маңғыстау ауданының белсенді әйелдерімен келіндер шеруін ұйымдастырумен басталды. «Мен-әйелмін, әлемнің анасымын!» тақырыбында өткен шараға 300-ден астам нәзік жандылар қатысып, ұлттық өнерді дәріптеді. Сонан соң ұлттық мереке қарсаңында «Наурыз Думан» фестивалін өткізілді. 500 адам қатысқан шарада бабалар дәстүрі мен ұлттық құндылықтар насихатталды. ІӘК-нің жастар қанаты құрылып, оған 8 адам мүше болды. Маңызды шаралар легін ұйымдастыру мұнымен толастаған жоқ. 52 ауылдың әйел кәсіпкерлері келген 2 күндік тренинг өтті. Жаңаөзенде аналар слётінің жоғары деңгейде өтуі де ІӘК-нің мұрындық болуымен екенін айтап айтқан жөн.

«Ал,  Нұр-Сұлтан қаласында ҚР жеңіл өнеркәсіп форумына ІӘК-нің «Маңғыстау облысының киім  дизайнерлері» қауымдастығынан 12 әйел кәсіпкер қатысты. Маңғыстау облысының ауыл әйелдері форумына 150 қыз-келіншек шақырту алды. Маңғыстау облысының Атыраудағы ІӘК күндерін өткізу үшін мұнайлы шаһарға 19 адамнан тұратын делегация барды. Бұл да ерекше атап өтуге тұрарлық шара. Бағдарламада Атырау облысының кәсіпкерлерімен дөңгелек үстел өтіп, Маңғыстау облысы кәсіпкерлерінің тауарлар көрмесі ұйымдастырылды. «Маңғыстау облысының киім дизайнерлер одағы» қауымдастығының «BATYS SANI» fashion көрсетілімі өтті»,- дейді МО Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Сәуле Салихова.

Ақтауда «Маңғыстау сән құрақ фестивалі» атты облыстық іс-шара да айтулылар қатарында. Өңірдің барлық аудандары мен Ақтау қаласынан 130 шебердің қатысуымен өтті. Гран-при және 1-3 орын жеңімпаздары анықталып, тағы 10 аталым бойынша жүлде қоры белгіленді. Жеңімпаздарға тігін машиналары, қалғандарына бағалы сыйлықтар табыс етілді.

ІӘК жанында көп балалы аналарға әртүрлі кеңес беру, психологиялық, әлеуметтік көмек көрсету үшін аналар кабинеті ашылды. 50 ана кеңес алып үлгерді. Ал, Түпқараған ауданында 120 әйел-ана қатысқан «Ұлағатты енеден инабатты келінге» атты әлеуметтік әйелдер форумын өтіп, оған психолог пен коуч- тренерлер қатысып, өмірден түйгендерімен бөлісті.

«Киім дизайнерлері Одағы» және «Қолөнершілер Одағы» қауымдастықтарының мүшелері үшін екі «FASHION BAZAAR» облыс тұрғындарына арналған жәрмеңкелерге 25 шебердің жұмысы қаралды. Оған 400 көрермен жиналды.

Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Сәуле Халелқызының айтуынша, «Атамекен» микро қаржы ұйымы ІӘК-мен бірлесіп 52 ауыл әйелін қаржыландыруға көмектесті. 280 млн тг жуық сомасына 52 жоба, 55 жұмыс орны құрылды. Салалар бойынша ауыл шаруашылығына 161 млн теңге, 30 жұмыс орындары, өзге де қызмет түрлері наубайхана, ТҚС, тігін цехы, сұлулық салоны және т.б. 119 млн теңге, 25 жұмыс орны ашылды.

ІӘК қайырымдылық шараларына да ат салысып келеді. Отан соғысына қатысқан әйел ардагерлерін құттықтау, соғыс ардагері Ольга Заривнякке тігін машинасын сатып алып беруге мұрындық болды. Шетпе кентінде 4 отбасына арналған «АСАР-үй салу» акциясына қатысып, баспанасыздардың өз үйі болуына көмектесті. Ақтау қаласындағы қарттар үйінің жалғыз көлік құралына қосалқы бөлшектер сатып алып берді.  «Мектепке жол» акциясына қатысып, әлеуметтік жағдайы төмен отбасының балаларына қоолдау жасалды. Аз қамтылған отбасылардың балаларына жаңа жылдық сыйлықтар таратуға облыстағы барлық ІӘК мүшелері ат салысты.  

Маңғыстаулық Іскер әйелдер кеңесі белсенді жұмыстарын биыл да жалғастыра бермек.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер