«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Кәсіпкерлер құқығын қорғау – міндет!

2019 жылғы 23 Желтоқсан
- Маңғыстау облысы
4407 просмотров

Маңғыстау облысы Кәсіпкерлер палатасы жанындағы Кәсіпкерлер құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл Кеңесінің төрағасы Шымбай Сұлтанов пен кәсіпкерлердің құқығын қорғау және әкімшілік кедергілерді төмендету бөлімінің басшысы Әбен Көптілеуов Форт-Шевченко қаласына барып, дөңгелек үстел өткізіп, кәсіпкерлердің түйіткілді мәселелерін талқылады

Түпқараған ауданында орналасқан «West Comnarce Tfade» ЖШС басшылығынан Өңірлік кәсіпкерлер палатасына арыз түскен еді. Компания 2016 жылы Баутино порты маңынан жер телімін сатыл алған. Сол кезде теңіз жағасындағы учаскеде екі кеме тұрған.

«Бұл кеме Түпқараған ауданы әкімдігі Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің қарауында. «Невод» және «Румб» деп аталатын су көліктерін алып тастау туралы кәсіпкер жергілікті билікке бірнеше рет ескерткен. 2017 жылдың желтоқсанында кемелерді алатындығы туралы ресми сенім хат та бар. Алайда мәселе әлі күнге дейін шешілмей келеді. Бұл кәсіпкерліктің дамуына кедергі болып отыр», – дейді өңірлік кәсіпкерлер палатасының бөлім басшысы Әбен Көптілеуов. Кездесу нәтижесінде Түпқараған ауданының әкімі Айдос Хамиев ағымдағы жылдың желтоқсан айының соңына дейін кемелердің алынып тасталатынын айтты.

Сондай-ақ, МО кәсіпкерлер палатасында Кәсіпкерлер құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл Кеңесінің отырысында «SUNCAD» ЖШС-нің жер қатынастары саласындағы мәселесі қаралды.

2019 жылғы 25 ақпандағы сыйға тарту шарты негізінде «SUNCAD» ЖШС Ақтау қаласынан жалпы аумағы 1825 ш. м. жер учаскесін алды. Сәуірде серіктестік Ақтау қаласының әкімдігіне кіре беріс жолымен абаттандыру, көгалдандыру және автокөлік қою үшін қосымша жер учаскесін беру туралы жазбаша өтінішпен жүгінді. Ол жер комиссиясының 2019 жылғы 20 мамырдағы шешімімен қанағаттандырылды. Аталған жер учаскесінде компания жалпы алаңы 8 500 м2 сауда үйінің 4 қабатты ғимаратының құрылысын жоспарлады. Осыған сәйкес, осы ғимаратқа көгалдандыру, абаттандыру және кіреберіс жолдарды есепке алмағанда 8 492 м2 тұрақ орны сәйкес талап етіледі.

Жер комиссиясының оң шешімін алғаннан кейін «Ақтау қалалық жер қатынастары бөлімі» ММ-нің 2019 жылғы 2 тамыздағы бұйрығымен бекітілді.

«Қазақстан Республикасы Жер Кодексінің 43-бабының 7-тармағына сәйкес ЖАО жер учаскесіне құқық беру туралы шешімі тиісті уәкілетті орган бекіткен жерге орналастыру жобасы келіп түскен сәттен бастап 7 жұмыс күніне дейінгі мерзімде қабылданады. Алайда, Ақтау қаласы әкімдігі тиісті міндетті орындамаған. Ақтау қаласы прокуратурасының қала әкіміне жер комиссиясының оң шешіміне және уәкілетті орган бекіткен жерге орналастыру жобасына қарамастан, жер учаскесіне құқық беру заңсыз ұзартылған. Бұл- Ақтау қаласы әкімдігінің лауазымды тұлғаларының әрекеттері жер қатынастары саласындағы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын бұзу болып және заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі келтіру деп есептеліп отыр»,- дейді өңірлік кәсіпкерлер палатасының заңгер маманы Бақытжан Кабаев.

Отырыс соңында Ақтау қаласының әкімдігіне бір апта мерзімде жер комиссиясының 2019 жылғы 20 мамырдағы шешімі, сондай-ақ «Ақтау қалалық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2019 жылғы 2 тамыздағы бұйрығымен бекітілген жерге орналастыру жобасы негізінде абаттандыру, көгалдандыру және автокөлік қою үшін қосымша жер учаскесін беру туралы «Suncad» ЖШС-нің өтінішін қарастыру;. Маңғыстау облысының кәсіпкерлер палатасы Маңғыстау облысының қала құрылысы және жер бақылау басқармасына Қазақстан Республикасы Жер Кодексінің 43-бабының 7-тармағын бұзу фактісі бойынша Ақтау қаласы әкімдігінің лауазымды тұлғаларына қатысты шаралар қабылдау туралы хат жолдау туралы шешім қабылданды.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер