«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Студенттер Ақтаудағы Кәсіпкерлер палатасында қонақта болды

14 Маусым 2019 - Маңғыстау облысы
608 просмотров

Маңғыстау туризм колледжінің студенттері, болашақ маркетологтар Ақтаудағы өңірлік кәсіпкерлер палатасына экскурсияға келді

1-курсты тәмәмдаған тәлімгерлер жыл бойы жалпы пәндер бойынша білім алып, енді бір апталық оқу тәжірибесінен өтуде. Жастарды негізінен кәсіпті қалай ашуға болады? Компания маркетингі қалай жасалады? Бизнеске қаражат алу жолдары мен сертификаттау сияқты сұрақтар көбірек қызықтырды.

«Менің анам 20 жылдан бері кәсіпкер. Орталық базарда сауда-саттықпен айналысады. Өзім маркетолог мамандығын таңдап келдім. Анам сияқты уақыт өте келе кәсіптің қыр-сырын үйренген емес, маркетингітің барлық әдістерін игерген білікті маман болғым келеді. Болашағымды жарқын болсын деп бар ынтаммен білім алып жүрмін» – дейді студент Лаура Убайдуллаева.

 

Кәсіпкерлер палатасының білікті мамандары студенттердің барлық сұрақтарына жауап берді.

«Ауылдық жерлерде бизнес ашқысы келетін кәсіпкерлер саны көбейіп келеді. Табиғи өнім өндіріп, оған тиісті сертификаттар мен рұқсатнама беру, пайда мен шығынды таразылау, оған отандық өнім деген атау беру сынды түрлі қызметтерді кәсіпкерлер палатасынан алуға болады. Барлық қызмет түрін шалғай ауылдан әуре-сарсаңға түсіп орталыққа келмей, үйден шықпай-ақ электронды түрде алатын болды. Егер көзбе-көз кеңесемін десе, кеңесшілер мен маркетинг мамандар, заңгерлер консультациялық қызмет көрсетуге дайын», – дейді ӨКП Адами капиталды дамыту бөлімінің басшысы Рима Құрманғазиева.

Маңғыстау туризм колледжінің оқытушысы  Гүлжан Сыдықова:

«Биыл жалпы пән өттік, енді жаңа оқу жылында арнай пәнге ауысамыз. Сондықтан да өз мамандықтарына деген қызығушылығын ояту, студенттердің контингентін тұрақты ұстау мақсатында Палатағы саяхат ұйымдастырдық. Мамандыққа кіріспе, бизнес идеяны дамыту үшін колледждің әр курсында «Кәсіпкерлік негіздері» пәні қосылды. Осының бәрін тәжірибе жүзінде көруге жағдай жасап отырмыз. Шәкірттерімізге бәрі ұнап жатыр», – дейді.

 

Студенттер кәсіпкерлер палатасының барлық бөлімдерін аралап шықты. Ұстаздары мен студенттер алда да үзбей келіп тұруға уағдаласты.

 

Пікір қалдыру:

Пікірлер:

Серіктестер