«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

«ALTYN OIMAQ» – маңғыстаулық дизайнерлердің қызығушылығын оятты

2019 жылғы 21 Наурыз
- Маңғыстау облысы
3817 просмотров

«ALTYN OIMAQ»  – маңғыстаулық дизайнерлердің қызығушылығын оятты

Маңғыстау облысының кәсіпкерлер палатасы жанындағы Іскер әйелдер кеңесі «Киім дизайнерлері одағы» және «Маңғыстау қолөнер шеберлері одағы» қауымдастықтарымен бірлесіп жергілікті дизайнерлердің «ALTYN OIMAQ» ұлттық байқауына қатысуға шақырып, басын қосты. Дизайнерлер барлық ақпаратты ерекше ықыласпен қабылдады: байқау шарттары, кезеңдері, аталымдар, тіпті қызықты идеялар да талқылады. Жұмысты жандандыру үшін жұмыс топтары құрылды. Олардың көмегімен көрмеге қатысу және ауқымды шара үшін Маңғыстау тосынсыйын ұйымдастыру жоспарланып отыр. Көрме жеңіл өнеркәсіп форумы аясында ағымдағы жылдың 7-8 маусымда Елордада өтеді. 

 

Байқауға қатысу туралы барлық ақпаратты @altynoimaq арқылы білуге мүмкіндік бар. Қатысушының бейне үндеуін, эскиздер мен фотосуреттерді тікелей www.altynoimaq.fundwomen.kz сайтына жүктеуге болады.

 «Киімнің немесе аксессуарлардың танымал дизайнері болу мүмкіндігіңізді жіберіп алмаңыз! Жұлдызды шағыңызды ұтымды пайдаланыңыз! Бұл өте оңай әрі ұтымды жол!» – дейді Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Сәуле Салихова.

Байқау мынадай аталым бойынша өтеді:

-ұлттық ою-өрнекпен көмкерілген іскерлік киімнің үздік дизайны

-ұлттық ою-өрнекпен көмкерілген спорт киімнің үздік дизайны

-ұлттық ою-өрнекпен көмкерілген балалар киімінің үздік дизайны

-ұлттық ою-өрнекпен көмкерілген үйге арналған текстильдің үздік дизайны

-ұлттық ою-өрнекпен көмкерілген әшекейдің үздік дизайны

-cпорт аяқ киімінің үздік кастом дизайны

Байқауды өткізу бәсекеге қабілетті брендтерді шығаруға дайын кәсіпқойлардың жаңа буынын анықтауға мүмкіндік береді.

«ALTYN OIMAQ» байқауы үш кезең бойынша ұйымдастырылады:

Бірінші кезең - өтінім қабылдау және Комиссияның іріктеуі

1-кезеңнің алғашқы бөлімі:4 наурыз – басталуы, 15 мамыр – өтінім қабылдаудың аяқталуы. 2-кезеңнің екінші бөлімі:10 маусым – басталуы, 15 қыркүйек – өтінім қабылдаудың аяқталуы.

Екінші кезең – қоғамдық онлайн-дауыс беру.

Үшінші кезең – байқаудың Бас жүлдесін алуға лауреатты анықтау.

Байқаудың әр қатысушысы бір немесе екі аталымға (одан артық емес) қатысуға өтінім беруге құқылы.

«ALTYN OIMAQ» байқауының жеңімпаздарын марапаттау салтанаты 2019 жылдың желтоқсан айында өтеді.

Байқау шеңберінде бірқатар ауқымды іс-шараларды ұйымдастыру жеңіл өнеркәсіп саласын ары қарай дамытуға жағдай жасауда барлық мүдделі тараптардың күшін біріктіруге бағытталған. Іс-шара шеңберінде сіздерді бағдарламаның іскерлік бөлімі, жәрмеңке, дефиле, семинарлар мен шеберлік сабақтар күтеді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер