«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

«ALTYN OIMAQ» финалистері: Евгения Жандарбаеваның «Үйге арналған текстилі»

2019 жылғы 22 Шілде
5853 просмотров

Дизайнер «Үйге арналған текстиль» аталымы бойынша байқаудың бірінші кезеңінде жеңімпаз атанды

Евгения Жандарбаева саналы ғұмырые Шымкент қаласында өткізген. Қазақ-түрік университетін «киім дизайны» мамандығы бойынша оқу бітіріп сондан бері тігіншілік негізгі қызметіне айналды.

«Оқудан кейін «Дизайн» факультетінде ұстаздық етіп, «түсті графика»,  «композиция» және басқа да арнайы пәндер бойынша дәріс оқыдым. Одан кейін жеке компанияда дизайнер болып жұмыс істедім. Құрылысшыдан бастап, дәрігерлерге дейін түрлі мамандықтарға арналған арнайы киім дизайнын жасаумен айналыстым. Соңғы жұмыс орным Шымкенттегі Texstile kz корпорациясы, ол жерде компьютерлік кестелеу бойынша дизайнер ретінде тәжірибе жинақтадым» – дейді дизайнер Евгения.

2011 жылы елордаға қоныс аудару себепті Евгения  оқытушылық қызметтен кетті. Бас қалаға келгеннен кейін үш күннің ішінде талантты қыз жұмыс тауып, «Алтын Орда» авторлық үйіне кестелеу бойынша дизайнер болып орналасты. Ол жерде кестелеу жұмысын бастап, дизайндар жасауды қолға алынды. Алайда бір жыл өтпестен бұл жұмыстан кетіп, дизайнер өз ісін бастап кетті.  

«Сол кезден бастап, жеке кәсібімді дөңгелетіп келемін. Еңбек жылдарым зая кеткен жоқ, қызықты болды, әр жұмысымда тәжірибе жинақтап, кәсіби өсіп отырдым. Әлі де алар асуларым алда, мақсаттарым биік. Менің ерекшелігім – ұлттық нақышы бар күнделікті киюге болатын заманауи киім тігу», – дейді Евгения.

Дизайнердің айтуынша, «ALTYN OIMAQ» байқауына қатысу үшін олкиімдердің бірнеше үлгісі мен үйге арналған текстиль ұсынды. Барлығы компьютерлік кестелеу (түрлі техникамен – тізбектеп және кестелеп тігу) арқылы безендірілген. Кестелердің бәрін бағдарлама арқылы автор өзі сызып, жасап шыққан.

Евгенияның кәсібінде болған бір қызықты жайт – «Таджима» компаниясының Азия аймағындағы директоры, дистрибьютері Ильхан бейдің өндірістік кестелеу жабдығын алу туралы ұсынысы. Ильхан бей Евгенияны Texstile.kz корпорациясында жұмыс істеген кезінен біледі. Жұмыстарын әлеуметтік желі арқылы көрген. Алғашқыда дизайнер қыз тұрмыстық кесте машинасында тігіп жүрген. Елордаға келген соң ол көмекшісіне Евгениямен хабарласып, кездесу ұйымдастыруын өтінген. Бұл жас дизайнер  үшін күтпеген және қуанышты жайт болды.

«Кездесуде Ильхан бей талантты  жылы қарсы алып, жұмысымды көріп, бақылап жүретінін айтты. Қандай құрал-жабдықтармен жұмыс істейтінімді сұрады. Сөйтіп маған Tajima кесте машинасын алуымды ұсынды. Алайда мен машинаны сатып алуға шамам келмейтінін айтып, кейін алуым мүмкін дедім. Бірақ  Ильхан бей «Женя, мен сенің бұл машинада жақсы жұмыс істей алатыныңды білемін, алуыңа көмектесемін» деп, өте жақсы жеңілдік жасады. Алайда, соның өзінде менің машинаны алуға шамам жетпеді. Кездесуден кейін ұйықтай алмадым, өйткені бұл машиналарды фабрикада көрген кезімнен бастап өз шеберханамда тұрғанын армандаған болатынмын. Келесі күні Ильхан бей машинаны бір жылға үлкен жеңілдікпен пайызсыз төлем арқылы алуымды ұсынғанында таңғалдым. Бұндай жақсылығы үшін Ильхан бейге алғысым шексіз. Осылайша, арманым орындалды», – дейді Евгения Жандарбаева.

Дизайнер өндірістік процес туралы пікрін білдірді:

«Өндірісті іштен білетініме қарамастан, маған әлі де тәжірибе мен білім жетпейді деп ойлаймын. Шығармашыл жанмын».

Евгения Жандарбаева дизайнерлердің «ALTYN OIMAQ»  ұлттық байқауына ойламаған жерден қатысқанын айтты.

«Досымның әлеуметтік желіде мен туралы жазған жазбасында біреулер байқауға қатысуыма кеңес беріп, жазба қалдырған екен.  Мен бағымды сынап көруге бел байладым. Финалға өту мен үшін күтпеген әрі қуанышты жайт», – дейді Евгения Жандарбаева.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер