«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Маңғыстауда бизнес нысандардың 50%-ға жуығын әйелдер басқарады

2019 жылғы 07 Наурыз
- Маңғыстау облысы
4617 просмотров

Бұл жөнінде бүгін Өңірлік коммуникациялар алаңында өткен брифингте «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасы жанынан құрылған іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Салихова Сәуле Халелқызы айтып өтті.

"Маңғыстау облысында шағын және орта бизнес субъектілерінің жалпы саны 53 мыңнан сәл асады, оның  23 мыңнан астамы әйелдер  (бұл 44%-дан астам).  Шағын және орта бизнеспен айналысатын  әйелдердің тек 35%-ы ғана бизнеспен айналысады, бұл әйелдерді бизнеске тартудың жақсы перспективаларын, әсіресе ауылда өзін-өзі жұмыспен қамтыған әйелдердің саны артқандығын білдіреді», – деді Сәуле Халелқызы.

Маңғыстау облысының «Атамекен» өңірлік палатасы жанынан құрылған іскер әйелдер кеңесі  әйелдерді кәсіпкерлікке тарту және ынталандыру бойынша үлкен жұмыс атқаруда. Мемлекет пен «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлік палатасы әйелдер кәсіпкерлігін қолдау бағдарламасын әзірледі.  Өңірдегі кәсіпкерлердің санын арттыру жұмысының бірлескен күш-жігерінің қорытындысы ретінде бизнесте жүрген әйел азаматтардың саны артуын айтуға болады.  2015 жылмен салыстырғанда әйелдер басқаратын шағын және орта бизнес субъектілерінің өсуі 44,19% құрады, өсім 21%.

 Маңғыстау облысында «Атамекен» ӨКП іскер әйелдер кеңесі Қазақстанда бірінші болып салалық алаңдар – қауымдастықтарды белсенді дамытуға кірісті. Бүгінгі күні әйелдер кәсіпкерлігі саласында бес қауымдастық құрылды,  «Маңғыстау облысының киім дизайнерлері Одағы», «Маңғыстау облысының қолөнер шеберлері одағы», «Маңғыстау облысының интерьер дизайнерлері мен декораторлары», «Маңғыстау облысының кондитерлері гильдиясы» және «Маңғыстау облысының жеке меншік мектепке дейінгі және білім беру мекемелері» қауымдастықтары.

Маңғыстауда кәсіпкер әйелдер соңғы үш жылда  216 жұмыс орнын ашқан

Бұл жөнінде бүгін Өңірлік коммуникациялар алаңында өткен брифингте «Атамекен» өңірлік палатасының жобаларды сүйемелдеу бөлімінің бастығы Алия Акинова мәлімдеді.  

«Бастау» жобасын іске асыруды «Атамекен» Кәсіпкерлер палатасы Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай жұмыспен қамтуды дамыту мемлекеттік бағдарламасының екінші бағыты шеңберінде жүргізеді.

"Оқыту барысында тыңдаушылар кәсіпкерлік негіздеріне оқытылады, атап айтқанда - бизнес-ойлау психологиясы, мемлекеттік қолдау құралдары, ауыл шаруашылығы кооперациясы негіздері, маркетинг, өткізу нарығы, қаржы моделі, бизнес-жобаның ТЭН-і, салық режимдерінің ерекшеліктері, бизнесті құқықтық сүйемелдеу, бизнеске арналған электрондық қызметтер. Сонымен қатар, Маңғыстау облысының бизнес-жаттықтырушылары мен Кәсіпкерлер палатасының қызметкерлері қаржыландыру құжаттарын жинау, сондай-ақ жерге, құрылыс жұмыстарына, инфрақұрылымды қосуға рұқсат құжаттарын алу бөлігінде жобаларды тұрақты сүйемелдеуде»-дейді маман.

 Оқыту қорытындысы бойынша 425 адам қаржылық қолдау алып, кәсіпкерлік қызметін бастаған. Олар жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтыған халық санатынан жеке кәсіпкерлер мәртебесіне көшті.

2017-2018 жылы Маңғыстау облысында "Бастау" жобасы бойынша барлығы 1806 адам оқытылды.

2018 жылы ІӘК 19 түрлі семинар өткізді. Оған 1200-ден астам әйел қатысты.

"Халық Банк"АҚ-нан шағын несие алуға өтінімдерді қарастыру бойынша комиссияның 3 отырысы өткізілді. Кәсіпкер әйелдерден 19 өтінім келіп түсті, 6 өтінім мақұлданды. 46 400 000 теңге сомасына 6 жоба қаржыландырылды. Барлық 6 жоба сәтті жүзеге асырылды.

«Атамекен»  арқылы микрокредит беру желісі бойынша 3 жылдан астам уақыт ішінде әйелдер 522 млн.теңгеден астам қаржы игерді, бұл 250 іске асырылып жатқан жобаның 102-і. Қазір несие алуда әйелдердің белсенділік үлесі 41% - ды құрайды.  Мұндай қаржыландырудың 3 жылы ішінде барлық аудандар ауыл кәсіпкерлерімен несие алуда жақсы динамиканы көрсетіп отыр.

Маңғыстау облысы бойынша 2016-2018 ж. әйел кәсіпкерлер 102 жобаны жүзеге асырды. Жоба құны – 522 210 000 теңге. Соның көмегімен 216 жаңа жұмыс орыны құрылды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер