«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Бизнесте жемқорлыққа жол жоқ

2018 жылғы 21 Қыркүйек
- Маңғыстау облысы
8601 просмотров

Облыстық кәсіпкерлер палатасында «Маңғыстау облысындағы инвестициялық ахуал: сыбайлас жемқорлыққа қарсы механизмдер» атты бизнес-кездесу өтті.

Шара облыстық «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы және Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментімен бірлесіп ұйымдастырылды.

Бұл шараны ұйымдастыруға негіз болған ҚР «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының Төралқа Төрағасы Т. Құлыбаев пен ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасы А. Шпекбаев қол қойған «Жол картасы».

Кездесуге сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының Маңғыстау облысы бойынша департаменті, «Kazakh Invest» ҰК» АҚ, отандық және шетелдік инвесторлар, мемлекеттік органдар мен БАҚ өкілдері  қатысты.

Бизнес кездесуге төрағалық еткен Маңғыстау облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Нұрбек Қарасаев аталмыш шара Атамекен палатасы мен Агенттіктің арасында жасақталған «Жол картасы» кәсіпкерлер үшін қандай мүмкіндіктерді айқындайтындығын баяндап өтті.

Сонымен бірге қазір Маңғыстауда инвесторларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу бойынша жобаның жүзеге асырылуы туралы аумақтық департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңесінің төрайымы Нұргүл Жанназарованың айтуынша, аталған жобаның негізгі мақсаты- қолайлы инвестициялық ахуалды қалыптастыру және мемлекеттік билік институттарына бизнес пен инвесторлардың сенімін арттыру. Сонымен бірге жоба аясында инвесторлар үшін «Hot Line» карталары жасақталып, жобаға қатысушылар агенттіктің және Ұлттық бюроның аумақтық департаменттерінің басшыларына байланыс құралдары арқылы тікелей шығуына мүмкіндік жасалды. Бұдан басқа кәсіпкерлер әлеуметтік желілер, мессенджерлер, скайп, өңірлік 8707 170 1424 шұғыл желісіне хабарласу арқылы инвестициялық жобаны жүзеге асыру барысында кездескен әкімшілік кедергілер немесе сыбайлас жемқорлық деректері бойынша жобаның облыстағы кеңсесіне хабарласа алатындығын атап өткен болатын.

Аумақтық департамент өкілі Е. Көбейсінов жобаның негізгі басым-бағыттарымен таныстырған соң, кәсіпкерлердің сұрақтарына аумақтық департамент пен «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының басшылары тиісті жауаптарын беріп,  көтерілген мәселелерді бақылауға алатындығын жеткізді. Жалпы жоба бойынша облыстағы 11 компания (4 отандық, 7 шетелдік) келісімге қол қойып, өз қолдауларын тапқан.  

Басқосу соңында «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының шақыруымен келген 5 жергілікті инвестор аумақтық департамент басшысымен келісімге қол қойды.

Кәсіпкерлер палатасының директоры Н. Қарасаевтың айтуынша, өңірлік кәсіпкерлер палатасына бұзылған құқықтарын қорғау мақсатында 2018 жылдың 6 айында 127 арыз-шағым келіп түскен. Бүгінгі күні соның 45-і толық шешімін тауып 2.1 млрд. теңгеге құқықтары қорғалған. 44 арыз бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Сондықтан да Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің тарапынан жасалып отырған жұмыс отандық және шетел инвесторларының жобаларын бастапқы уақыттан сыбайлас жемқорлыққа жол берілмеуіне ықпал етеді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер