«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

15 тамызда Маңғыстау өңірінің үздік тауарлары анықталады

2018 жылғы 15 Тамыз
- Маңғыстау облысы
7703 просмотров

15 тамызда Ақтау қаласындағы «Хан Шаһар» мейрамханасында «Қазақстанның үздік тауары – 2018» өңірлік көрме-байқауы өтеді

Шараға аймақтағы 15 кәсіпорын қатысады. Оларға сәттілік тілеп, баяндама жасау үшін облыс әкімі Е.Л. Тоқжанов арнайы шақырылған. Биылғы байқауда танымал кәсіпорындармен қатар жаңа тауар өндірушілердің де өнімімен танысуға болады.Көрмеге келушілер жергілікті өніммен танысып қана қоймай, ұнаған бұйымын сатып алып, концерттік бағдарламаны тамашалайды.

«Қазақстанның үздік тауары» көрме-байқауы үш аталым бойынша өтеді: «Өндірістік мақсаттағы үздік тауар», «Халыққа арналған үздік тауар», «Үздік азық-түлік тауары». Сарапшылардан құралған комиссия әр аталым бойынша 3 жеңімпазды анықтайды. Нәтижесінде 9 тауар өндіруші Маңғыстау облысы атынан Астанада өтетін республикалық байқауда бақ сынайды.

«Қазақстанның үздік тауары»- ұлттық бренд деңгейіне көтерілген беделді шара. Сондықтан да байқауға қатысу – кәсіпорындардың өзін танытуға, тауарын жарнамалауға, тұтынушы қатарын арттыруға зор мүмкіндік болып саналады. Сонымен қатар жаңа серіктес табуға, бизнестің жаңа бағытын ашуға да сеп болмақ.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер