Кәсіпкерлерді қолдау орталығы көмекке келеді
Кәсіпкерлерді мемлекеттік қолдау
Елбасы Үкімет қызметкерлеріне «Қандай дүлей дауыл соқса да, әлеуметтің әлеуетін төмендетпеуге талпыныс жасаңдар, халық жұмыссыз қалмасын»- деген тапсырмасы ел есінде. Демек, атқарушы билік өкілдері берілген тапсырманы жүйелі атқармақ ниетте «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың» деген бағдарламаны бекітіп, қазір сол бойыша біршама жұмыстар атқарылып жатыр.
Десекте, аталған бағдарламадан бөлек, өзгеде жобалар жетерлік. Яғни, кәсіп ашамын деген азаматтар үшін мемлекет барын салуда. Маңғыстау облыстық кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығына жыл басынан бері 362 клиентке 417 қызмет көрсетілген. Көмекке жүгінгендердің басым бөлігі – шағын және орта кәсіп субъектілері бойынша кеңес алғандар. Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтары облыстың аудандарында жұмыс жасайтын естеріңізге саламыз.
Кеңес керек болса, тұрғылықты мекен-жайыңыз бойынша сол аудандағы кәсіпкерлерге қызмет көрсету оратлығында барсаңыз болады. Мұнда арнайы кеңесшілер қызмет етеді. Олар «Бизнестіңжол картасы-2020», «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021», «Экспортшы-2020», «Өнімділік-2020» мемлекеттік бағдарламалары туралы толыққанды ақпарат беріп, қызметтерін көрсетеді.
Орталыққа келушілерге сонымен қатар бизнесті ашу, жабу және жүргізу мәселелері бойынша да тегін кеңес беріледі. Түрлі қаржы институттарының жұмыс шарттары түсіндіріледі, құжаттарды ресімдеу процесінде көмек көрсетіледі. Әр уданда КҚО «Бизнес-кеңесші» және «Бизнес-Өсім» жобалары бойынша оқыту семинарларына қатысуға өтінім жинауда жүзеге асырлатынын хабарлаймыз.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: