«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Оқушыларға кәсіпкерлік және бизнес негіздері оқытылады

2017 жылғы 18 Желтоқсан
- Маңғыстау облысы
8311 просмотров

Өңірлерде жаңа пәннің сынамалы сабақтары өткізілуде 

Жуырда Ақтау қаласындағы «Мамандандырылған экономикалық лицейдің» 10 сынып оқушыларына «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» атты оқулық таныстырылды. Оның өзіндік себебі де жоқ емес – келер жылдан бастап еліміздің ЖОО, колледж студенттері мен мектеп оқушылары бизнес негіздерін пән ретінде оқи бастайды.

Дәріс барысында экономикалық бизнес түсінігі мен терминдері тақырыбында әңгіме қозғалды. Экономиканы тереңдетіп оқытатын лицейдің ұстазы Сапура Нұрғожина шәкірттеріне жаңа оқулықты таныстырып, шолу жасап шықты.

Келер жылдан бастап оқушылар мен студенттер «Қор нарығында қалай пайда табуға болады?», «Акция мен облигация деген не?» деген сұрақтардан бастап, «Бизнес жоспар құру мен жобаны өндіріс жолына қоюға», «Ауыл шаруашылығын қалай дамытуға болады?» сияқты сауалдардың жауабы осы пән арқылы шешіледі. Яғни кәсіпкерлікке оқушылар мен студенттерді, мектеп қабырғасынан бастап үйретеді.

Жеткіншекті жастайынан кәсіпке баулу – «Атамекен» ҰКП, «Адами капиталды дамыту» бөлімі алдына қойып отырған негізгі мақсаттарының бірі.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер