«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Ақтауда электронды сауданың артықшылықтары айтылды

2017 жылғы 20 Қараша
- Маңғыстау облысы
10416 просмотров

«Онлайнға шық та әлем бойынша сауда жаса!» бизнес-семинары өтті

Ақтауда «Атамекен» ҚР ҰКП, Zoodel мен «Қазпочта» АҚ қолдауымен «Онлайнға шық та әлем бойынша сауда жаса!» бизнес-семинары ұйымдастырылды.

Іс-шараның мақсаты – Қазақстанда трансшекаралық электронды сауда нарығын, отандық кәсіпорындардың әлеуетін мобильді қосымшаны қолдану арқылы арттыру.

Мұның барлығы да экспорттық операцияларды мен ішкі нарық мен Жібек жолы елдерімен шетелге шығуға қол жеткізуді тиімді басқару үшін жасалып отыр.

Жиын барысында B2C мобильдік қосымшасы таныстырылды. Бұл отандық өндірушілерге әлем бойынша сауда жасауға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ қатысушылар назарына B2B онлайн алаңы ретінде Zoodel ұсынылды. Бұл алаң жеткізушілер мен сатып алушыларға өз желісін жетілдіруге әрі шығынды азайтуға мүмкіндік береді.

Қазақстанда 2017 жылдың соңына дейін ZoodMall.kz жаңа В2С электронды онлайн алаңы іске қосылады. Бұл өндіруші-компанияларға, дилерге, танымал қазақстандық және әлемдік сауда маркаларының өкілдеріне таураларды тұтынушыға делдалсыз сатуға мүмкіндік береді.

Осындай шаралар Қазақстанның 17 қаласында да өткізіледі.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер