«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

"Кәсіпкерлік негіздері"

2017 жылғы 16 Қазан
- Маңғыстау облысы
9826 просмотров

2018 жылдан бастап «Кәсіпкерлік негіздері» атты пән мектеп оқу бағдараламасына енгізілуі тиіс

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының көпшілікке ұсынған тоғыз бастама қатарына кіретін ұсыныстардың бірі «Кәсіпкерлік негіздері» атты пәнді сабақ кестесіне енгізу болатын. Баланы жастайынан кәсіпкерлікке баулу, бизнестің қыр-сырын үйретуді негізгі мақсат еткен жаңашылдық ата-аналар тарапынан қолдау тапты. Мақсатты аудиториясына сәтті жетуіне негіз болатын құрал оқулық екендігі сөссіз. «Атамекен» Өңірлік кәсіпкерлер палатасы Адами капиталды дамыту бөлімінің басшысы Гүлжан Шаймерденова мәселенің шешім табуды мақсат етті. Нәтижесінде, қос тілде жарық көрген оқулық «Кәсіпкерлік негіздері» деп аталады.

«Бизнесте мифтерге сенуге болмайды. Тек алдын-ала жоспарланған іс-әрекет, ұдайы шыңдай түсетін білім мен табандылық қана кәсібіңізге береке алып келеді. Жарыққа шығып отырған оқу құралында мен ісін енді бастағалы жүрген жас кәсіпкерге бизнесте қарапайым қателіктерге жол бермеу амалдарын көрсетіп, кәсіпкерліктің негіздерін түрлі глоссарий мен қызықты сұрақтар негізінде ұғындыруға тырыстым. Оқулық – жоғары сынып оқушылары мен студенттер аудиториясына арнап жазылды. Бірақ, кәсіпкерлікке бас бұрғысы келетін ересектерге де біраз мағлұмат бере алады», – дейді Гүлжан Шаймерденова.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер