«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Мәселе мәмілемен шешілді

2017 жылғы 13 Қыркүйек
- Маңғыстау облысы
4500 просмотров

Жылыжай шаруашылығын дөңгелетіп, жергілікті халықты көкөніс пен қамтып отырған кәсіпкерлердің бүгінде мұқтажы азаяр емес.

Тоқ пен су тарифының дұрыс-бұрыстығын тексеру үшін Ақшұқыр ауданының кәсіпкерлері Маңғыстау облысы кәсіпкерлер палатасы мамандарының қызметіне жүгінді.

Нәтижесінде, бүгін тоқ пен суға жауап беретін мүдделі органдар басшылары, Ақшұқыр ауылының әкімінің қатысуымен жиын өтті.

Жиын барысында тарифтердің бағасы талқыланып, «Каспий» жылы, су арнасы ММ бас инженері Асқар Дүзмағанбетов пен «ҚазСушар» РМК тұтынушы өкілдері Е. Бихасимова, Қ. Жалғасбаев кәсіпкерлерге су бағасы жөнінде ақпарат берді.

Су субсидиясының берілу жолдары мен тоқтың мәселесі жан-жақты қаралды. Нәтижесінде, Ақшұқырдағы тоқты қосып беретін мекеме құжаттары түгелдей дайын болған соң, кәсіпкерлерге тоқ жүргізуге уәде берді. 
Осылайша, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының араласуымен кәсіпкерлер және атқарушы орган өкілдері ортақ мәмілеге келді. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер