«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

«WEST MANGYSTAU» мәселесі шешілді

2017 жылғы 28 Тамыз
- Маңғыстау облысы
4670 просмотров

Маңғыстауда кәсіпкер құқығы қорғалды

Шағын және орта кәсіпкерліктің өркендеуі – мемлекеттің дамуына, экономикалық өсімгехалықтың әл-ауқатының артуына бастайтын даму жол. Кліміздің кәсіпкерлікті дамытуға басымдық берілген. Бүгінде мемлекет басшысының тікелей араласуының арқасында кәсіпкерлердің құқығы ерекше қолдауға ие болды. Үкіметтің бөліп отырған осындай назарының нәтижесінде бүгінде бұл сала түрлі тексерістерден тиылып, даму сатысында. Алайда, түрлі әкімшілік кедергілерге тап болатын кездерде кездеседі.

Биыл «WEST MANGYSTAU» ЖШС Рахат ауылы әкімдігі жария еткен ауылдың санитарлық тазалау бойынша мемлекеттік сатып алу байқауының жеңімпазы ретінде әкімдікпен келісімшарт жасаған. Алайда, ауыл әкімі Б.Нұржауовтың тарапынан заңсыз талаптар көрсетіліп, келісімшартта көрсетілген міндеттерді толық орындауға түрлі кедергілер тудырған.

Әкімшілік кедергілерді көрген кәсіпкер Кәсіпкерлер палатасына шағым түсірді. Палатаның құқықтық блок мамандары арызды жан-жақты қарастырып, келіссөздер жүргізіп, нәтижесінде ауыл әкімімен бір мәмілеге келді. Осылайша кәсіпкердің құқығы толық қорғалды. Яғни, серіктестік жұмысын шартта көрсетілгендей толық жүргізген. 

«Палата қызметкерлері келген кәсіпкерлерге уақытылы және сапалы қызмет көрсетіп, кеңестерін беріп отырғаны қуантады. Туындаған кедергілер бойынша, жедел іс-шаралар қабылданды. Өйткені, біздің туындаған мәселемізге атүсті қарамай, бір мәмілеге келіп, оң нәтижемен шешіп берді. Өз тарапымнан Маңғыстау облысы кәсіпкерлер палатасы қызметкерлеріне үлкен алғысымды білдіре отырып, кәсіпкерлікті дамытуда зор жетістікке жетуге шын жүректен тілектеспін. Табан тіреп, түрлі мәселесімен келген кәсіпкерге көрсететін қолдауларыңыз бен жәрдемдеріңіз әрдайым нәтижелі болсын», –деп алғыс білдірді «WEST MANGYSTAU» ЖШС директорының орынбасары Сүйіндік Риза.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер