«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

«Бастау Бизнес»: ниеттілер қатары артып келеді

2017 жылғы 23 Тамыз
- Маңғыстау облысы
4723 просмотров

«Бастау Бизнес» жобасына қатысуға Маңғыстау облысынан 400-ден астам адам өтініш білдірген. Бүгінде кәсіпкерлік негіздерін оқыған азаматтар арасында бизнес-жобалары сәтті қорғалып, қаржыландырылу басталды.

Маңғыстау ауданының 6 тұрғыны ауыл балаларына ойын-сауық орталығын ашуды жоспарлап отыр. Ал, өзге тұрғындары тігін мен  тұшпара цехын іске қосуды қолға алған. Жобадан дәріс алып, ісінің жемісін көріп отырғандар аталған бағдарлама әлі де жалғасын тауып, берекелі болатынына сенім білдірді.

Бағдарламаның мақсаты – жұмыссыз ауыл тұрғындарын кәсіпкерлікке баулы. Бүгінде «Бастау Бизнес» жобасының 4-легі аяқталу алдында. Қыркүйектің 1-нен бастап 5-лек басталмақ. Кәсіпкерлікті оқуға ниет білдірген азаматтар мекенжайына қарай орналасқан кәсіпкерлер палатасының филиалына хабарласулары керек. Мамандар қажетті ақпаратпен таныстырып, жобаға қатысу тәртібін түсіндіреді. Бизнестің қыр-сырын толық үйрететін мамандар жұмыс істейді. Олардың үйрету әдіс-тәсілдері де өзгеше.

Естеріңізге сала кетейік, «Бастау Бизнес» жобасы жылдың соңына дейін өткізіледі. Мұнда, кәсіпті енді бастауға ниет білдіргендер сондай-ақ, бизнес жоспарды қалай толтыру керек, жалпы, кәсіпті неден бастау керек, бизнестің қандай тетіктері бар екені жайлы ақпарат алады.  

Сондай-ақ, алдағы күндері «Бастау Бизнес» жобасы бойынша дәріс алып, кәсібін бастап кеткен ауыл тұрғындарымен кездесу өткізіліп, жобаларды таныстыру да жаоспарланған.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер