«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Маңғыстау облысының кәсіпкерлері бизнес-омбудсменге жүгінді

2017 жылғы 24 Сәуір
- Маңғыстау облысы
11796 просмотров

Бизнес-омбудсмен кәсіпкерлерді жеке қабылдап, олардың құқығы бұзылуына байланысты проблемалар мен көптеген  жүйелі мәселелерді талқылады

ҚР кәсіпкерлерінің құқығын қорғау жөніндегі уәкіл Болат Палымбетов Маңғыстау облысына жұмыс сапарымен барып қайтты.

Өңірлік палата өкілдерінің қатысуымен өткен кездесуде Маңғыстау облысының кәсіпкерлері бизнес-омбудсменге өз проблемалары туралы айтты.

Маңызды мәселелердің бірі – Нәжім С.Т. «Онлайн» ЖК-пен мемлекеттік сатып алулар туралы келісім-шарттың заңсыз бұзылуы.

«Онлайн» ЖК-пен ТКШ бөлімі арасында 30.05.2016 жылы 52 864 000 теңгеге мемлекеттік сатып алулар туралы келісім-шарт жасалған еді, келісім-шарттық міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету үшін жеңген тарап 1 585 920 теңге қаражатты тапсырыс берушінің есепшотына аударған.

Сонда да, мердігердің өз міндетін тиісінше орындағанына қарамастан, екі ай өткен соң, яғни 20.07.2016 жылы ТКШ бөлімі Қаржы министрлігінің қаржы бақылау комитеті басқармасының камералық бақылау кезінде анықталған әкімшілік заңбұзушылықтарды жою туралы хабарлмасына сәйкес шартты бұзу туралы бұйрық шығарған.

Келісім-шартты біржақты бұзу туралы бұйрық шыққан уақытқа дейін «Онлайн» ЖК-і 11 миллионнан астам қаржыны құрайтын жұмыс көлемін атқарып үлгерген еді, бұл келісім-шартта көрсетілген міндеттемелердің 20%-н құрайды.

2016 жылдың 22 желтоқсанында кәсіпкерлердің құқығын қорғау жөніндегі кеңесте осы мәселе талқыланды. Кәсіпкерлер палатасына ҚР мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі агенттікке өтініш беруге ұсыныс жасалды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің қабылдаған шешіміне байланысты Б.Ізғалиевтың әрекеттерінде қылмыстық құқық бұзушылық құрамы жоқ делінді. Палата Маңғыстау облысының МҚІСҚА департаменті басшысының атына «Ақтау  қалалық тұрғын-үй коммуналдық шарушылығы және тұрғын үй инспекциясы» ҚБ-ның басшысы Б.Ізғалиевтың лауазымдық міндеттерін дұрыс орындамаған әрекеттерін Департамент жанындағы Этика бойынша кеңестің қарауын сұрап хат жазды.

Кәсіпкер сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Ізғалиевке қатысты қылмыстық қудалауды тоқтату туралы шешімімен келіспейді. Сондықтан да ҚР кәсіпкерлерінің құқығын қорғау жөніндегі уәкіл Б.Ә.Палымбетовтан ҚР бас прокуратурасы арқылы қылмыстық істі қалпына келтіріп, жан-жақты тексеру жүргізуге көмек беруін сұрады.

Сонымен қатар, кездесу барысында өңірдегі кәсіпкерлер бизнес-омбудсменге өздерінің өзекті мәселелерін айтуға мүмкіндік алды. Және осы мәселелердің барлығы да бақылауға алынып, әрі қарай шешілетін болды.

Кәсіпкерлердің мәселелерін толық тыңдаған бизнес-омбудсмен Маңғыстау облысынң әкімі Ералы Тұғжановпен кездесті.

Әкіммен кездесу барысында Болат Палымбетов жергілікті бизнес-қауымдастықтың мәселелерін айтты, соның ішінде мәжбүрлі түрде тартып алынған жер телімдерінің құнын қайтару жөнінде және мемлекеттік сатып алаулар мен жер қойнауын пайдалану саласындағы туындайтын мәселелер жөнінде сөз қозғады.

Өткен жылы негізгі мәселе жер қатынастары саласында болды, елдімекендердің егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары болмады және бекітілген егжей-тегжейлі жоспарлауға өзгертулер енгізуге мүмкіндік болмады. Бұл жағдай кәсіпкерлер жер телімдерін алар кезде үлкен кедергілер туғызды.

 «2016 жылы Маңғыстау облысында жер телімдерін сату бойынша 6 аукцион өткізілді, ал 2015 жылы бірде-бір аукцион өткізілмеген еді. Сондай-ақ 29 жер телімі аукцион арқылы сатылды, ал 2015 жылы жер телімдері мүлде сатылмаған еді. Дегенмен Түпқараған және Бейнеу ауданының әкімдері бос жатқан жер телімдері туралы мәліметтерді әлі де жарияламай келеді. Бұл кәсіпкерліктің дамуына айтарлықтай кедергі тудыруда», – деді бизнес-омбудсмен.

Қазіргі таңда, бас жоспарлары және ТЖЖ министрліктің интернет-ресурстарында және басқа да порталдарда жарияланған, тұрғындар үшін қолжетімді, сондай-ақ аукциондар ұйымдастыру жөнінде белгілі бір мөлшерде жұмыстар атқарылған.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер