«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Шұбат қатерлі ісік тудырмайды

2017 жылғы 02 Ақпан
- Маңғыстау облысы
7400 просмотров

Басы дауға қалған ұйым мәлімдемелерінің негізсіз екенін мойындады

Маңғыстау облыстық Кәсіпкерлер палатасы ұйымдастырумен өткен дөңгелек үстел барысында өңірдегі "Эко Маңғыстау" үкіметтік емес ұйымы осыған дейін жасаған мәлімдемелерін жоққа шығарды.

Мәселенің мән-жайына тоқталсақ, осыдан шамамен 6 ай бұрын өңірге келген чех сарапшылары шұбат құрамына сараптама жасаған болатын. Сынама жүргізген мамандардың  басы дауға қалып, нәтижесінде олар жергілікті телеарнаның тікелей эфирінен халыққа түсінік берді. Зерттеу барысында түйе сүтінің құрамынан полихлорланған дифенилдер табылып, ғалымдар ісік ауруын туғызуы мүмкін деген мәлімде жасады. Ол қоғамда резонанс тудырды. 

"Эко Маңғыстау" үкіметтік емес ұйымы өздері жұмысқа тартқан прагалық сарапшылардың шешімі асығыс қабылданды деп отыр. Тіпті, шетелдік ғалымдардың бұл мәлімдемесінен кейін, кейбір шаруалардың  шұбат саудасы тұралап қалған. Бұл өз кезегінде ауыл шаруашылығына, соның ішінде түйе сүтін өндіретін кәсіпкерлерге айтарлықтай шығын келтіргені айтпаса да түсінікті.

Сондықтанда шаруа иелері Маңғыстау облысындағы Кәсіпкерлер палатасы, кәсіпкерлер құқығын қорғау бөліміне шағымданып, тиісті органдардан нәтижелі жауап талап етіп келді.

Отырыс барысында белігілі болғандай, ең қызығы, Прагадан келген сарапшылардың бұл әрекетіне облыстағы ветеринария басқармасының өкілдері бейхабар болып шықты. Тіпті, алдын ала ескерту де жасалмапты, яғни, бұл заңбұзушылық дейді мамандар. Ең сорақысы, чехтардың жіберген сорақы қателіктерінің бірі, сынама пластмасса ыдысына салыныпты. Демек, зерттеу жұмыстары салғырт жасалған. Оған қоса, зерттеу жұмысы тек қоқыс пен қалдық қорларының маңына жайылымға шығатын түйелерден алынған. Ал, қоғамда дау тудырған шұбат мәселесін жергілікті халыққа дұрыс жеткізбеген Кирил Осин енді былай деп ойын өрбітті:

«Бұған дейін «шұбат қатерлі ауру тудырады» деп жасаған мәлімдемемді жоққа шығарамын. Бұл сусынның емдік қасиеті мол. Алайда, біздің экологиямыз азық-түлік қауіпсіздігіне өзінің кері әсерін тигізетінін айта кету керек».

Алаңдаушылық білдірген шаруа қожалықтарының иелері емдік қасиеті мол шұбат ешқандай да қатерлі ісік ауруын тудырмайды, керісінше, ежелден ата-бабаларымыз құрт ауруын (туберкулез) осы ұлттық сусынмен емдеген дегенді келтіреді. Отандық өнімдерді қолдау әрқашанда басты назарда екенін ӨКП қызметкерлері осы отырысты дәлелдегендей болды. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер