«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

МЖС: жаңа заңнама мүмкіндіктері

2016 жылғы 03 Тамыз
- Маңғыстау облысы
12556 просмотров

Бүгінгі таңда, бизнес пен мемлекет арасындағы өзара қарым-қатынастың маңызды тетігі мемлекеттік-жекеменшік серіктестік (МЖС) болып саналады

Бюджетке түсімдердің азаюы мен жаһандық дағдарыс кезеңінде, бұл, қаржы салудың тиімді жолы болып саналады. Бұған қоса мемлекет жеке серіктес тартып, бюджет қаражатын үнемдеп отырғанын ескерсек, кәсіпкер тұрақты мемлекеттік тапсырыстар қабылдауға 3 жылдан 30 жыл аралығына дейін кепілдік алады.

Кәсіпкерлер палатасында өткен талқылауға «Маңғыстау облысындағы мемлекеттік-жекеменшік серіктестіктің аймақтық орталығы» АҚ өкілдері, Кәсіпкерлер палатасының қызметкерлері және облыс кәсіпкерлері қатысты.

Кездесу барысында мемлекеттік қолдау аясындағы жеке қаржыландыру бастамаларының басым бағыттары кең көлемде таныстырылды.

Кәсіпкерлер палатасының мамандары МЖС тараптары қарым-қатынасының оң өрбуіне әсер ете отырып, айтарлықтай қолдау білдіріп отыр. Толығырақ атап өтсек, әлеуетті жеке серіктестіктің тізілімін қалыптастыру, конкурстық комиссияға қатысу, жобаларды іске асыру мониторингіне қатысу сынды МЖС жобасы тұжырымдамасына сараптамалық қорытынды дайындау үлгісінде көмек көрсету.

Отырыс барысында, Ақтау қаласының 34-ші ықшам ауданында құны 13253 млрд теңгеге шығатын 300 орынды көпсалалы аурухана, 4,003 млрд теңге жұмсалатын бір ауысымда 500 келушіге арналған емхана және 1,482 млрд тенге көлемінде автовокзал салып, пайдалануға беру сынды тың жобалар таныстырылды. Сондай-ақ, 86991,9 млн теңгеге «Манғышлақ-Баутино» темір жол желіcін, 21941,3 млн теңгеге «Кендерлі» демалыс орны орналасқан ауданға ұшу жолағы бар «Кендерлі» әуежайын салу жоспарланып отыр.

Бұның негізгі мәні, мемлекеттік және жекеменшік сектор салалары арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты қамтамасыз ету болып отыр. Ол кіріс пен шығыс, құқықтар мен міндеттер және тәуекел ету тепе-теңдігін белгілі бір келісімшарт арқылы анықтайтын мемлекет жауапкершілігіне  жатады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер