«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Кеңес алды да... жеңіске жетті!

2016 жылғы 27 Сәуір
- Маңғыстау облысы
12174 просмотров

Жыл басынан бері 50 маңғыстаулық кәсіпкер электронды сатып алуға қатысу тәртібін үйренді

Соның ішінде Маңғыстау облысы Кәсіпкерлер палатасының Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында кеңес алған 13 бизнесмен сатып алу бойынша жеңімпаз атанып үлгерді.

Мәселен, осы жылдың басында Өңірлік кәсіпкерлер палатасының Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығына «Скорпион» Қауіпсіздікті қамтамасыз ету агенттігі» ЖШС-ның өкілі келді. Ол мұнда тендерге қатысу рәсімдерін меңгеріп, нәтижесінде сомасы 9 миллион теңге болатын тендерді ұтып алды. Өзге мысалды келтірсек. КҚКО-ға жақында келген жеке кәсіпкер Нұрбек Жәмішев конкурстық құжаттарды дайындау жөнінде кеңес алып, нәтижесінде сомасы 25 миллион теңгеге тең тендерді ұтты. Ол бұған дейін тек қана жеке тұлғалармен жұмыс істеп келген.

«Бізге көмек сұрай келген кәсіпкерлердің барлығына конкурсқа (тендерге) қатысу үшін өтінім дайындау жөнінде кеңес берілді. Біз оларды Қазақстан Республикасындағы сатып алу туралы бірыңғай құрылымдық ақпараттық база саналатын интернет-дереккөзге қостық, қазақстандық теңгерімді есептеуді, сондай-ақ сатып алуды ұйымдастырушылардың әрекеттері мен әрекетсіздігіне шағымдануды үйреттік», – деді Маңғыстау облысы Кәсіпкерлер палатасының сервистік қолдау көрсету бөлімінің басшысы Үміт Меңдалиева.

Айта кетерлігі, Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтарында кәсіпкерлерге қолданыстағы заңнама нормалары мен сатып алу ережелерін түсіндіру бойынша тұрақты түрде тегін тренингтер өткізіліп тұрады. Сондай-ақ, электронды сандық қолтаңба (ЭСҚ) алу, Бағдарламалық қамтамасыз етуді және ЭСҚ-ны орнату, электронды сатып алу порталдарына тіркелу, сатып алуларға бағалық ұсыныстарға, аукциондарға, конкурстарға сұрау салу әдісі бойынша қатысу, goszakup.gov.kz, reestr.nadloc.kz және tender.sk.kz порталдарындағы сатып алу ережелерін түсіндіру мәселелері бойынша оқыту жүргізіледі.

Жалпы алғанда, Маңғыстау облысы Кәсіпкерлер палатасының Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасының бизнесті қолдау және дамытуға қатысты төртінші бағыты бойынша сервистік қызметтер көрсетеді. Бұл бухгалтерлік және салықтық есеп жүргізу, құқықтық қызметтердің барлық түрлері, кедендік рәсімдер бойынша кеңес беру, ақпараттық технологиялар саласында қызмет көрсетуге көмек беру, маркетингтік қызметтер, соның ішінде бизнес-жоспарлар әзірлеу, түрлі сатып алуларға қатысуға көмектесу сияқты қызметтер.

Сервистік қолдау экономиканың барлық саласындағы шағын және орта бизнес субъектілеріне еш өтеусіз негізде көрсетіледі.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер