«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаражатты бизнеске бағыттау

2016 жылғы 25 Ақпан
- Маңғыстау облысы
11850 просмотров

Ақтау қаласында «Атамекен» микроқаржы ұйымы құрылады

Бұл туралы Маңғыстау облысының әкімі Алик Айдарбаев халық алдында жылдық есеп беру кезінде айта келе, Жаңбырбай Доспаев жетекшілік ететін Өңірлік кәсіпкерлер палатасы белсенді жұмыс істеп жатқандығын атап өтті.

Шағын және орта бизнесті қолдау бойынша, Алик Айдарбаев ең алдымен шағын бизнестің айналым капиталын қаржыландыруға және қарызды қайта қаржыландыру қажеттігіне тоқталды. Ал бұл бастамаладры ойдағыдай жүзеге асыру Өңірлік кәсіпкерлер палатасы, «Даму» қоры мен екінші деңгейлі банктердің күшімен жүзеге асырылмақ.  

«Елбасының тансырмасына сәйкес, Үкімет 2016 жылға арналған дағдарысқа қарсы бағдарламар жоспарын жасақтаған болатын. Бұл ретте қаралымға түсіп жатқан бизнес жобаларды мақұлдау кезінде, аймақтың үйлестіру кеңесінің қызметі аса тиімді қажет болуы тиіс. Бұған қоса, биыл өңірлік кәсіпкерлер Палатасымен бірлесіп, жаңадан «Атамекен» микроқаржы ұйымын құру үстіндеміз», – деді әкім.

Сондай-ақ, «Даму» қорымен бірлесіп, туризм саласын дамытуды көздеген кәсіпкерлерге жылдық мөлшері 7 пайыздан аспайтын жеңілдетілген несие беру бойынша аймақтық бағдарлама жүзеге асырылатын болады. Бұл мақсатта бюджеттен 900 млн. теңге қарастылырып отыр.

«Агробизнес–2020» бағдарламасы аясында, өткен жылы асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға 84,2 млн. теңге бөлінген.

Бүгінде тамшылата суару әдісімен 1087 га жерде жұмыстар жүргізілуде, бұл өткен 2014 жылмен салыстырғанда 30% артық. Облыс бойынша жалпы көлемі 9,0 га жерді алып жатқан 11 жылыжай бар. Жабық топырақта өндіру арқылы көкөніс шаруашылығы 988,6 тоннаға жетіпті, оның ішінде 978,6 тонна – қияр, 6,8 тонна – қызанақ, 3,2 – болгар бұрышы өсірілген.    

Үстіміздегі жылдың 1 қаңтарына кіші және орта бизнес саны облыс бойынша 47 мыңға жетіп, онда жұмыс жасайтын тұрғындар санының белсенділігі 35,2%-ды құрап отыр. Аймақта тіркелген микронесие ұйымдары тарапынан кәсіпкерлерге жалпы сомасы 528,4 млн. теңгені құрайтын 184 микронесие беріліп, 318 адам тұрақты жұмыспен қамтылған.

Ал, екінші деңгейлі банктер шағын бизнес субъектілеріне 13068 млн. тенге көлемінде несие беріпті. Бұл 2014 жылмен салыстырғанда 21,4% төмен, бұған себеп – теңге өтімділігінің төмендеуі.

«Бизнестің жол картасы–2020» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында өткізілген 24 үйлестіру кеңесінің отырыстарында жалпы сомасы 5 257,5 млн. теңгені құрайтын 124 бизнес жоба мақұлданды. Оның ішінде пайыздық мөлшерлемені қаржыландыру бойынша 5 145,5 млн. теңгенің 72 жобасы, ал қайтарымсыз грант рәсімдеу бойынша 21 млн. теңгеден асатын 7 жоба қолдау тапты», – деп қорытындылады өз сөзін облыс әкімі. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер