«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Балық өсіру бизнесі

2015 жылғы 11 Тамыз
- Ақмола облысы
16864 просмотров

Ақмола облысы Есіл ауданының тұрғыны Игорь Пичугин өңір үшін жаңа әрі коммерциялық тұрғыдан қызықты бизнес түрін дамытпақшы

Игорь Борисович былтырғы жылы балық аулау шаруашылығын ұйымдастыру идеясына құмарта бастайды. Білімі жетпей, жергілікті Кәсіпкерлікті қолдау орталығы көмекке келеді.

КҚО мамандары алдымен жеке кәсіпкер ретінде тіркелуге көмектеседі. Сосын, жергілікті жерді зерттеп, бірлесе отырып ісін бастаушы бизнесмен ұзақ мерзімдік жалдау шартын ресімдейтін көлді іздеп табады.

«Өсіру үшін жас төл сатып алуға және тасымалдау үшін қажет жабдық сатып алуға қаражатым жеткілікті. Сонымен қатар, балықты халыққа сату үшін ыстайтын және тоңазытатын жабдық сатып алуды жоспарлап жүрмін», - дейді Игорь Пичугин.

Көлді әрқайсысы белгілі бір функциялар атқаратын бірнеше аймақтарға бөлу жоспарлануда. Жеке акваторияны ұлулар өсіруге, бір бөлігін біршама ірі ағзалар асырауға бейімдейді.  Бизнесмен тұқы, шортан, алабұға өсіруді жоспарлап отыр.   

Нарықтың қазіргі жағдайларында бизнестің біршама қолжетімді әрі тиімді түрі – өндіруден бұрын қайта сату. Алайда кәсіпкер балық шаруашылығын шындап қолға алуға бекініп отыр. Әрине, өнім сатудың өз қиындықтары бар, себебі балық — маусымдық әрі арзан тауар. Бірақ, кәсіпкер орташа табыс табатын халыққа сүйенбекші. Бизнесмен Есіл ауданында өндірісін жөнге салып, біршама көлемді деңгейге шығуды жоспарлап отыр.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер