«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Services.atameken.kz қызметін 60-тан астам кәсіпкер қолданып көрді

2018 жылғы 17 Тамыз
- Ақтөбе облысы
8190 просмотров

Кәсіпкерлерге қызмет ету орталығында өзіне-өзі қызмет ету аймағы ашылды. Бұрын кеңесшілер көрсетіп келген қызметтердің біразын енді онлайн алуға мүмкіндік бар.

Ендігі уақытта кәсіпкерлер 8 лот бойынша 70-ке тарта бизнеске қолдау көрсету қызметін үйде отырып та пайдалануға мүмкіндіктері бар. Электронды қосымша арқылы кәсібіңізге бизнес-жоспар жасатып немесе салық, бухгалтерлік есептерді жіберіп, мемлекеттік қолдау бағдарламалары, грант, жеңілдік, субсидиялар туралы мәліметтерді және сарапшы кеңестерін алуға болады. Жоба жүргізілген аз уақыттың ішінде өз тиімділігін көрсетті.

Бүгінде кәсіпкерлер Өңірлік кәсіпкерлер палатасында орналасқан Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтарының өзін-өзі қызмет көрсету орындарында отырып, жоғарыда көрсетілген қызметтерге ешкімнің көмегінсіз өздері қол жеткізе алады.

Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы жаңа форматқа маусым айының соңында толықтай көшті. Бұл жаңалық еліміздегі цифрландырудың жүргізілуіне орай және қызмет көрсету рәсімдерін жеңілдетуге бағытталған.

«Кәсіпкер осында келіп, компьютерге отырып, тіркеуден өтеді. Ол үшін электронды сандық қолтаңба болуы қажет. Алдымен, өзі туралы мәліметтерді енгізеді, бұл келісім-шарт жасау үшін қажет. Сонан соң ол қажетті қызметті таңдап, тапсырыс береді. Өз-өзіне қызмет ету аймағы сұранысқа ие болады деп ойлаймыз», – дейді Ақтөбе облысының ӨКП кәсіпкерлікке қаржылай емес қолдау көрсету бөлімінің кеңесшілері.

Атап өтү керек, кәсіпкерлер смартфон арқылы Services.atameken.kz сервис арқылы да үйлерінен немесе кеңседен шықпай қызметтерге қол жеткізе алады.

Алайда, қызметтің үш түрі бойынша, атап өтсек, маркетингтік, бухгалтерлік, салықтық жобаларды сүйемелдеуді кеңесшілердің көмегінсіз атқару мүмкін емес, сондықтан олар бұрынғы форматта жүргізіле береді.  

Сондай-ақ кеңесшілер өзіне-өзі қызмет ету аймағында клиенттерге көмек береді. Бастапқы кезде бірқатар қиындықтар туындауы мүмкін. Дегенмен, болашақта ұсыныстар ескеріліп, онлайн-қызмет жетілдіріле түседі.

Кәсіпкерлер палатасының мамандары қызметті алушыға қажетті мәліметті алуды алғашқы кезде көрсетіп береді, келесіде ол қызметті өзіне-өзі қызмет көрсету аймағында еш қиындықсыз ала алады, бара-бара өз үйінде немесе кеңседе отырып-ақ тапсырыс беретін болады деп есептейді.

Жаңа форматқа аудандық Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтары да көшеді. Қазіргі кезде онда интернет жылдамдығы мәселесі шешілуде.

Атап өтетін жайт, тұрғын жайға қарамастан онлайн қызметті кез-келген қалада алуға болады.

Мәліметтерге сүйенсек, бүгінгі күнге дейін Ақтөбе облысы бойынша «Атамекен-сервис» қосымшасы арқылы 60-қа жуық кәсіпкерге қызмет көрсетілген. Айта кететін жайт, бизнес өкілдері аталған қосымша арқылы қызмет түрлерін алып қана қоймай, кәсіпкерлікке байланысты талап, арыздары туралы жазба қалдыра алады.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер