«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

«Бар жақсымыз - балаларға!»

2015 жылғы 02 Маусым
- Жамбыл облысы
18824 просмотров

Жамбыл облысы Іскер әйелдер қауымдастығы іс-шараның бастамашысы әрі бас ұйымдастырушысы болғанына алтыншы жыл.

«Бұл біздің мейірімге толы дәстүрімізге айналды, - дейді Жамбыл облысы Іскер әйелдер қауымдастығының төрағасы, Жамбыл облысы ӨКП Өңірлік Кеңесінің мүшесі, «Мейірім» МО директоры Гүлдара Нұрымова. – Суреттер мен көркем өнерпаздар байқауын өткіземіз, ал мерекеміздің ең қызықты тұсы – бұл «Тілектердің орындалуы» акциясы. Сәуір айынан бері балалардың нені арман ететіні жайлы ақпарат жинай бастаймыз. Бала емес пе, ойыншық, велосипед алғысы келеді, одан басқа бірдеңе болуы да мүмкін. Негізінде аз қамтылған отбасыларға, балалар үйіндегі балаларға, мүгедек балаларға, өз баласына осындай қуаныш сыйлау мүмкіндігі жоқтарға көңіл бөлеміз. Біздің ықыласымызды қажет ететіндерді ескеруге тырысамыз», - дейді Гүлдара Нұрымова.

Оның айтуынша, көптеген азаматтар – Мәслихат депутаттары, кәсіпкерлер, әкімдік қызметкерлері, мемлекеттік қызметкерлер, құқық қорғау органдарының қызметкерлері іскер әйелдердің мұндай қайырымды бастамасына бей-жай қалмай, ат салысады.

Бұл күні саябақта балмұздақ, сусындар таратылды. Балалар салған суреттер мен олардың қолынан шыққан бұйымдар, әуе шарлары, бойшаң қуыршақтар-аниматорлар мерекелік көңіл-күй сыйлады. Кез-келген бала қуыршақтармен суретке түсе алды.

«Кәсіпкерлер палатасы бизнесмендеріміздің жақсы бастамаларын үнемі қолдап отырады, деп атады Жамбыл облысы ӨКП директоры Асан Қошмамбетов. – Іскер әйелдер қауымдастығымен тығыз қызмет жасаймыз. Жыл сайынғы Гендерлік балға белсене атсалысып жүргенімізге екі жыл болды. Енді «Енді «Бар жақсымыз – балаларға!» акциясына қосылып отырмыз».

Қайырымдылық іс-шарасына сонымен қатар «Тұрар Рысқұлов атындағы Мәдениет және демалыс саябағы», «Жамбыл облысы Кәсіпкерлер палатасы, облыстық және қалалық әкімдіктер, Әйелдер ісі және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия, «Қазфосфат» ЖШС, «ПетроҚазақстан» АҚ және көптеген басқалары қолдау көрсетті.


Ұқсас жаңалықтар:

Балаларға арналған мереке
2 Маусым
2015
Ақмола облысы
Балаларға мейірім
2 Маусым
2015
Шығыс Қазақстан облысы
Балаларға – шын жүректен!
2 Маусым
2015
Солтүстік Қазақстан облысы
Жүрек жылуы
27 Мамыр
2015
Маңғыстау облысы

Еншілес ұйымдар

Серіктестер