«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Балаларға – шын жүректен!

2015 жылғы 02 Маусым
- Солтүстік Қазақстан облысы
19446 просмотров

Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының кәсіпкерлері мүмкіндігі шектеулі балаларға нағыз мереке тарту етті.

СҚО Кәсіпкерлер палатасы Қызылжар ауданындағы филиалы Халықаралық балалар күні мерекесінде «Нұр Отан» партиясының филиалы, Жастар бастамалары орталығымен, сондай-ақ кәсіпкерлермен бірге мүгедек балаларға арнап мерекелік іс-шара ұйымдастырды.

«Сырқаттарының салдарынан осындай керемет, мейірімді әрі білмекке құмар балалардың толыққанды өірдің көптеген қуанышынан алшақ қалатынын көргенде жүрегің ауырады. Сондықтан да Халықаралық балаларды қорғау күнінде оларға қуаныш пен шаттық сыйлап, аз да болса көңілдерін аулауға тырыстық. Осылай көңіл аударып, қамқорлық жасау – олардың оңалуы мен қоғамға бейімделуінің, білім алуы мен өзін-өзі жетілдіруінің бір тәсілі», - дейді СҚО КП Қызылжар филиалының директоры Асқар Нұрмұқанов.

Жастар бастамаларының орталығы мен кәсіпкерлер палатасының филиалы шақырған клоундар, сондай-ақ «Мерей» өнер мектебінің түлектері -  «Қызылжар» би ансамблі салтанат иелерінің көңілін көтерді. Сонымен қатар балалар мен олардың ата-аналарына арналып тәттілер толған үстел қойылды, ал іс-шара соңында әрбір балаға сыйлықтар табысталды.

Аталмыш мерекені ұйымдастыруға кәсіпкерлер Роза Сәрсенова, Зүлфира Лагуткина, Назым Нұғыманова және өзіне тиесілі «Астана» таксиімен тегін әкелуді қамтамасыз еткен Жұмабек Тәшкенбаев демеушілік көмек көрсетті. Сондай-ақ, Палата филиалы Бескөл ауылының Орталық алаңында балаларға тегін балмұздақ таратты. Бұл акцияға Бауыржан Нұғыманов - «Әлем НБ» ЖШС, жеке кәсіпкерлер Бүркіт Жұмабаев, Ерлан Сейтенов, сондай-ақ осындай акцияларға үнемі қатысып жүретін Виктор Ободзинский демеушілік жасады.


Ұқсас жаңалықтар:

Балаларға арналған мереке
2 Маусым
2015
Ақмола облысы
«Бар жақсымыз - балаларға!»
2 Маусым
2015
Жамбыл облысы
Балаларға мейірім
2 Маусым
2015
Шығыс Қазақстан облысы

Еншілес ұйымдар

Серіктестер