«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қазақстандағы жеткізушілер қызметін дамыту жобасы

ТРАНСҰЛТТЫҚ КОМПАНИЯЛАРҒА СЕРТИФИКАТТАЛҒАН ЖӘНЕ АККРЕДИТТЕЛГЕН ЖЕТКІЗУШІ БОЛУ!

Дүниежүзілік банк қаржыландыратын Қазақстандағы жеткізушілерді дамыту бағдарламасы – ҚЖДБ

Қазақстандық компаниялардың мұнай-газ, металлургия және тау-кен өндірісінде жұмыс істейтін трансұлттық және ірі қазақстандық корпорациялардың сертификатталған және аккредиттелген жеткізушілері болуының жылдам жолы.

Бағдарлама туралы:

ҚЖДБ Дүниежүзілік банкпен қаржыландырылады және Euroconsultants S.A. грек кеңес беру тобымен іске асырылады.

Бағдарламаның тапсырыс берушісі - Ұлттық экономика министрлігі, ал негізгі серіктесі - «QazIndustry» қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ (ҚИЭО).

Бағдарламаның тікелей бенефициарлары мұнай және газ, металлургия және тау-кен салаларында өнімдер шығаратын және қызмет көрсететін ШОК болады.

Жеткізушілерді дамыту бағдарламасының мақсаты - қазақстандық ШОК субъектілерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру және олардың жеткізілім жүйесіндегі орнын нығайту. Негізгі мақсаты - ШОК және Қазақстанда жұмыс істейтін халықаралық пен ірі отандық корпорациялар арасындағы қатынастарды кеңейту және қазақстандық ШОК Қазақстанда жұмыс жасайтын ірі шетелдік және отандық компаниялардың сертификатталған жеткізушілері болуына мүмкіндік беру. ҚЖДБ жеке ШОК субъектілерімен олардың ірі сатып алушылардың қажеттіліктерін жеткізілім сапасы мен сенімділігі тұрғысынан қанағаттандыру қабілеттерін жақсарту, сондай-ақ тиісті ТҰК және ірі отандық сатып алушылармен қарым-қатынасты дамыту мақсатында жұмыс істейді.

ҚЖДБ қазақстандық ШОК-ке Қазақстанда және өңірлерде жұмыс істейтін трансұлттық корпорациялар үшін ең жақсы таңдау болуға көмектесуге арналған.

Жобаның мақсаттары мен артықшылықтары

Жоба трансұлттық компаниялар үшін мақұлданған жеткізуші мәртебесін алу үшін жекелеген қазақстандық ШОК үшін «жедел жолды» құруға бағытталған.

Біздің ұсынатынымыз:

Еуропалық сапаны басқару қорының тәжірибесі негізінде ШОК субъектілері бизнесінің жағдайын тегін бағалау және әлеуетті жеткізушілерге қатысты халықаралық аудит әдіснамасына толық сәйкестік. Олар жеткізушілердің әлеуетін арттыру бойынша нақты іс-әрекеттерді жақсарту және дамыту бағыттарын анықтауда қолданылады.

Мұндай тәсіл жеткізушілерге өздерін әлемдік деңгейдегі өнімділік стандарттарымен салыстыруға және бәсекеге қабілеттілікті стратегиялық деңгейде арттыру бағытында үнемі жетілдіруге мүмкіндік береді.

Трансұлттық корпорациялар мен мақсатты секторлардың ірі отандық компаниялары компанияларды бағалауды әзірлеуге қатысуға шақырылады. Бұдан басқа, трансұлттық компаниялар жұмыс тобын құру және оның жұмысы, сондай-ақ жеткізушілер семинарларына қатысу және қолдау, «Сатып алушымен кездесу» іс-шараларына қатысу арқылы бағдарламаны бүкіл уақыт бойы қолдайды.

ҚЖДБ-ға қатысу үшін ШОК таңдау өлшемшарттары:

• Кәсіпорын Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 24-бабына сәйкес шағын немесе орта кәсіпорынның субъектісі болуы керек;

• Кәсіпорын келесі салаларда/салалар үшін өнім өндіруі немесе қызмет көрсетуі керек: мұнай және газ, металлургия және тау-кен өндірісі;

• Кәсіпорында тұрақты негізде 21-ден 500-ге дейін адам жұмыс істеуі керек;

• Кәсіпорынның жылдық айналымы 2017-2018 жылдар ішінде кемінде 50 000 000 теңге (елу миллион теңге) болуы керек;

• Кәсіпорын 2019 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша 50 000 000 теңге (елу миллион теңге) немесе одан көп сомадағы активтерге ие болуы керек;

• Егер кәсіпорында шетелдік акциялар пакеті болса, онда бұл көрсеткіш 25% -дан аспауы тиіс;

• Кәсіпорынның Қазақстан Республикасына төленбеген салықтары болмауы керек;

• Кәсіпорын соңғы үш жыл ішінде табысты болуы керек;

• Кәсіпорын өз өтінімін, соңғы екі жыл қызметінің (2017 және 2018 жылдары) жылдық қаржылық есебін ұсынуы керек;

• Соңғы 3 жылда төленген салық сомасы жыл сайын 1 миллион теңгеден асуы тиіс;

• Кәсіпорынның қызметі Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішісінің қажетті кодына (кодтарына) сәйкес келуі керек;

• Кәсіпорын мемлекеттік сатып алу, Самұрық-Қазына және т.б. сатып алулар үшін сенімсіз жеткізушілер тізімінде болмауы керек;

• Кәсіпорын банкроттық немесе тарату үдерісінде болмауы керек;

•  Кәсіпорын  бағдарламаға қатысуға мүдделі болуы және қажет болған жағдайда оны жүзеге асыруда көмек көрсетуі керек.

ШОК-ке ТҰК сертификатталған жеткізушілері болуға қалай көмектесеміз - Жеткізушілерді дамыту үдерісі

Бастапқыда үдеріс 200 ШОК субъектісі бизнесінің жағдайын бір күндік бағалауды қамтиды. Қатысушы кәсіпорындарды аралау кезінде толық бағаланатын құжат дайындалады, онда кәсіпорын қызметінің барлық аспектілері талданып, жетілдіруді қажет ететін салалары анықталады.

Анықталған салалар 3 ай кезеңіне есептелген қысқа мерзімді шараларды жақсарту жоспарына енгізілетін болады.

Бастапқы 3 ай кезеңі аяқталғаннан кейін бизнестің жағдайын екінші бағалау жүргізіледі. Жақсарту жоспарында қойылған мақсаттарға қол жеткізуде ең үлкен жетістіктерге жеткен жобаның екінші кезеңіне өткізу үшін 200 ШОК-тен 100 ШОК таңдап алынады. Екінші кезеңде осы 100 ШОК халықаралық танылған сертификаттау алу үшін қаржылық қолдау алады. Халықаралық танылған сертификат алу құнының кем дегенде 70% ҚЖДБ бағдарламасының қаражаты есебінен, ал қалған пайызы кәсіпорынның өз қаражаты есебінен жабылады. Жағдайды бағалау арасында ҚЖДБ бағалауға қатысатын барлық қазақстандық ШОК үшін жалпы басымдық болып табылатын мәселелер бойынша бірқатар семинарлар мен оқытулар ұйымдастырады.

Жобаға қатысатын ШОК бизнесті жақсартуда жеке қолдау алады және ҚЖДБ ұйымдастырған «Сатып алушымен танысу» іс-шараларында көпұлтты сатып алушылармен кездесуге мүмкіндік алады.

Барлық қатысушы ШОК ҚЖДБ-ның аясында құрылатын мәліметтер базасына  енгізілетін болады.

Жоба туралы толығырақ ақпарат алу үшін төмендегі деректер бойынша хабарласыңыз:

Дүниежүзілік банк қаржыландыратын жоба, «Жеткізушілерді дамыту қызметін құру, оның құзыреттерін дамыту және жеткізушілерді дамыту бойынша пилоттық жобаларды іске асыру бойынша қызметтер».

Кеңсе: Қазақстан, Нұр-Сұлтан, Қабанбай батыр даңғылы, 17, Е блогы, 4-қабат

Тел: + 771 72 983 785 (2103)

Сапарова Әсем, жоба көмекшісі, e-mail: a.saparova@euroconsultants.com.gr

Әбілқайыр Бабағалиев, жоба көмекшісі, e-mail: a.babagaliyev@euroconsultants.com.gr

 

                                                                                                       Өтінім беру

Серіктестер