«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Іскер әйелдер кеңесі ардагерлермен кездесті

2018 жылғы 09 Мамыр
- Маңғыстау облысы
5947 просмотров

Маңғыстау облысы Іскер әйелдер кеңесі өңірдегі ардагерлерді Жеңіс күні мерекесімен құттықтады

«Бүгінгі кездесуден алған әсерді сөзбен жеткізу мүмкін емес. Әрбір ардагер біз келеді деп күткен, ерекше ықыласпен дайындалған», ­- деді Маңғыстау облысы Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Сәуле Салихова.

2015 жылы Маңғыстау облысы Іскер әйелдер кеңесі қаһарман әйелдермен танысып, өз қамқорлығына алуға шешім қабылдаған. Зейнеткерлер қатарына Іскер әжелер кеңесі деген атау да берген.

Ұлы Отан соғысы кезінде 15-16 жастағы бойжеткендер қоғамдық жұмыстан тыс қалмаған. Олар тылда еңбек етті. Өсе келе отбасын құрып, қызмет мансабына да қол жеткізді. Өңірдегі ең жасы үлкен ардагер Қамқа Үмбетәлиева, ол кісінің жасы бүгінде 95-ке толды.

Ал кеңестегі ең жас әже – Людмила Фомина. Ол 85 жаста. Күш-қуаты сарқылмаған әжей қонақтарына бар дәмдісін ұсынып, жеміс-жидегін қойып, жылы шыраймен қарсы алды. Ал 95-жастағы Сания Жүсіпова алма қосылған бәліш пісірсе, оның замандасы Салиха Ыдырысова ет асып дайындалған екен.

«Бұл біздің өмірді, нақты іс пен болған жайтты қабылдауымыз. Біз оларды ерекше құрметтейміз, сыйлаймыз, шын көңілімізбен тілектеспін. Олардың сүрген өмір жолына зер салсақ, әрқайсы туралы бір-бір кітап басуға болады», - деп атап өтті Сәуле Салихова.

 

Маңғыстау облысы іскер әйелдер кеңесі ардагер әжелерді жыл сайын Жеңіс күні мерекесімен құттықтауды қолға алған. Өкініштісі сол, батыр аналардың қатары жыл өткен сайын сиреп барады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер