«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Маңғыстау меценаттары әлеуметтік жобаның іске асуына 43 млрдтеңге қаражат жұмсады

2017 жылғы 27 Желтоқсан
- Маңғыстау облысы
3531 просмотров

Облыста тұңғыш рет өткен «Туған жерге тағзым» атты меценаттар форумында өңірдің дамуына сүбелі үлес қосқан 20 кәсіпкер марапатталды

Маңғыстау облысында биыл жалпы сомасы 43 млрд 699 млн теңге болатын 110 жоба 100 меценаттың демеушілігімен жүзеге асырылған.

Олардың 16-сы салауатты өмір салтын қалыптастыру мен өңірлік спортты дамытуға бағытталған. «Қоршаған ортаны қорғау» бағыты бойынша 4 жоба іске асып, «Жақыныңа жәрдемдес»  жобасы бойынша 8 қайырымдылық шара өткен.

«Білім қазына» бағытында 18 іс-шара ұйымдастырылды. Ал, мәдениет пен өнерді дамытуға арналған 4 жоба жүзеге асырылды. Денсаулық сақтау саласында да келелі жұмыстар қолға алынды. 2017 жылдың өзінде аталмыш бағыт бойынша 22 жоба демеушілердің қаржысымен іске асты. Бұдан басқа бағыттар бойынша 38 іс-шара өткен.

Осыншама игі істің атқарылуына бастамашы болған азаматтардың еңбегі еленіп, көпшілік алдында салтанатты түрде марапатталды. Марапат жеке-жеке аталым бойынша табысталды.

Марапат иелері:

- Жетімдер мен мүгедек балалар және балалар үйінің тәрбиеленушілері мен науқас сәбилерге көрсеткен көмегі үшін «Мейірімді меценат» аталымы – Қосуақов Айбек Қосуақұлы және Тілеумағанбетов Айтқали.

- Аймақтағы Білім саласының дамуына атсалысқаны үшін «Жарқын болашақ» аталымы – Келдібаев Атабек және Жолдыбаев Асылбек Тұрарұлы;

- «Спорт әлемінің жанашыры» аталымы – Мұңалбаев Сұңғат Аңшыбайұлы;

- Ардагерлер мен еңбек ерлеріне жасаған көмегі үшін «Жомарт жүрек» аталымы – Боранбаев Бердіқожа Оңдасынұлы және Есман Жұмабаев;

- Барлық бастамаға белсене атсалысқан «Үлгілі ұжым» – Қалдаманов Исенбай Әбиұлы және Табылдиев Дуйсебай Аманханұлы;

- Денсаулық саласының дамуына және науқас жандарға көрсеткен қолдауы үшін «Шын жүректен» аталымы – Дүсіпова Сара Шажақызы және Найзабеков Тәжімұрат Толбайұлы марапатқа ие болды.

- Тәжіғұлұлына «Руханият тірегі» аталымы – өңірдің төл мәдениетін дамытуда өзіндік қолтаңбасын қалдырған Мұсабаев Самат Базарбайұлы және Дәрменов Жаңбырбай.

- Өңірдің дамуына қосқан үлесі үшін «Туған жерге тағзым» аталымы Жауперов Мұратбек Бақыұлына және Бердияров Серікбай;

- ұлтаралық бірлік пен берекені нығайтуға қосқан үлесі үшін «Ынтымақ» аталымы – Абдулаева Түймеш Базарқызы және Мүсірепов Ілияс Санатуллаұлы;

-  «Мәрт меценат» аталымы Кезбаев Бітім Тәжіғұлұлы және Қырымқұлов Мырзабек Тітірбайұлына табысталды.

- Мұқтаж жандарға қамқорлық танытып, жастарға қолдау көрсеткені үшін «Қамқор» аталымы – Тәрбия Айдымбаева.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер