«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Ұлттық ойын «Бастау Бизнес» арқылы

2017 жылғы 01 Тамыз
- Маңғыстау облысы

Тоғызқұмалақ ақыл-ойды дамытады

Ментальды арифметикаға қарағанда ұлттық тоғызқұмалақ ойыны баланың зиятын өсіруге әлдеқайда тиімді. Себебі, тоғыз құмалақ ойыны баланы зергектікке, шыдамдылық және өлшем мен қадам басуға үйретеді. Бұл пікірді біз «Бастау Бизнес» жобасы аясында оқып жатқан Мұнайлы ауданынң тұрғыны Лола Жұмағұловадан білдік.

Мұнайлы ауданы тұрғынының айтуынша, ол екі баласына бірдей эксперимент жүргізген. Бір ұлын  ментальды арифметика курсына жазса, екінші ұлын – тоғызқұмалақ ойынымен тәрбиелейді екен. Нәтижесінде, арифметиканы меңгерген бала асығыс шешім қабылдайды, ал екінші ұлы байыппен берген тапсырманы орындап шыққан.

Осыған орай, енді Лола ұлтық ойындар арқылы балаларды тәрбиелеп,  ақыл-ой өрісін дамытатын орталық ашпақ. Жоба қатысушысы бүгінде микрокретидттік ұйымнан қолдау күтіп отыр. Оның айтуынша, микрокредиттік ұйымнан бөлінген қаржы ұлттық ойынның дамуымен қатар ақпараттық-насихаттық жұмысына да жұмсалмақ.

Мұның бәріне ол «Бастау Бизнес» жобасы арқылы қол жеткізді. Курстың 12 модулінде бизнес-жоспарды қалай жасау керек, жалпы кәсіпті неден бастау керек деген сауалдарға жауап алып, сауда-саттық жолдары туралы білім алды.

«Бастау Бизнес» жобасы Бейнеу, Маңғыстау, Қарақия және Мұнайлы аудандарында жылдың аяғына дейін жалғасын таппақ. Сондықтандаауыл тұрғындары осы жоба арқылы өз кәсіптеріңізді ашуға мүмкіндігі мол.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер