«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Сапа сайысы

2016 жылғы 25 Тамыз
- Маңғыстау облысы
6456 просмотров

26 тамыз күні сағат 11.00-де Маңғыстау облысындағы «Grand Nur Plaza» қонақүйінде «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік көрме-байқауы өтеді

Маңғыстаудағы отандық тауар өндірушілердің өнімдері алуан түрлі: жол-құрылыс материалдары, жұмсақ тақтайша, әйнек пластикалы және полиэтилен құбырлар, винттік сорғылар, жиһаздар, тоқымалар, азық-түліктер, шұжық, нан өнімдері.

Ең үздік тауар өндірушілер «Өндірістік мақсаттағы үздік кәсіпорын», «Тұрғындарға арналған тауарлар шығаратын үздік кәсіпорын», «Қызмет көрсетуші үздік кәсіпорын» санаттары бойынша марапатталады.

Биыл іс-шараға қатысуға 16 ұйым өтінім берген: «Өндірістік мақсаттағы үздік кәсіпорын» – 7 компания, «Тұрғындарға арналған тауарлар шығаратын үздік кәсіпорын» – 5 компания, «Қызмет көрсетуші үздік кәсіпорын» – 4 компания.

Байқауға қатысу кең ауқымды аудиторияға шығуға, өнімнің артықшылығын көрсетуге, тұтынушылардың қызығушылығын бағалауға, әлеуетті клиенттерді тартуға, өнімдерді сатып өткізуге, сонымен қатар өнеркәсіптік беделге ие болуға мүмкіндік береді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер