29 қыркүйек күні Маңғыстау облысындағы туризмді дамытуға арналған форум өтеді
Іс-шара Astana Leisure халықаралық туристік кормесінің аясында ұйымдастырылды
29 қыркүйекте Маңғыстау облысы Туризм басқармасы Astana Leisure Қазақстанның халықараралық туристік көрмесі аясында Mangystau Tourism Workshop – 2017 іс-шарасын өткізеді.
Форумның негізгі мақсаты – Қазақстан Республикасында 2023 жылға дейін туризмді дамыту Тұжырымдамасына сәйкес «Каспий қақпасы» кластерін қалыптастыру аясында туризм саласындағы ынтымақтастықты дамыту және Маңғыстау облысын туристік кластер орталығы ретінде дамытудың ұзақмерзімді жоспарын жүзеге асыру.
Іс-шараға Маңғыстау олысындағы туризм саласының озық компаниялары қатысып, туристерге тур, демалыс пен тұратын орын ұйымдастыруға қатысты ұсыныстарын ортаға салады. Сонымен қатар іс-шара барысында жолдамалар ұтысы ойнатылып, бағалы сыйлықтар беріледі.
Mangystau Tourism Workshop – 2017 форумына ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитетінің, «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, Еуразиялық туризм қауымдастығы, Елордалық туризм қауымдастығының өкілдері, туристік операторлар, туристік индустрияның мамандары, БАҚ және блогерлер.
Форум қатысушылар тікелей келісімшарттар жасап, келешектегі ынтымақтастықты анықтай алады.
Сонымен қатар баспасөз мәжілісі ұйымдастырылып, БАҚ өкілдері мен блогерлердің сауалдарына Маңғыстау облысы Туризм басқармасының басшысы мен шақырылған спикерлар жауап береді.
Өтетін күні мен уақыты: 29 қыркүйек 2017 жыл, басталуы сағат: 10.00
Мекенжайы: Астана қ, «Аққу» қонақ үйі, Бұқарбай батыр көшесі, 22
Сайтта тіркелуі керек: www.mangystau.info
Ұйымдастырушылардың байланыс мәліметі:
«Елордалық туризм қауымдастығы» ЗТБ (Астана, Қазақстан)
Қазақстан Республикасы, Астана қ., 010000
Республика к., 6/2, ВП1
8 (7172) 443146
8 708 958 3990
Пікір қалдыру:
Пікірлер: