«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Ақмола облысының кәсіпкерлер палатасында 2025 жылдың қорытындысы шығарылды

2026 жылғы 12 Қаңтар
- Ақмола облысы
1193 просмотров

Ақмола облысында Кәсіпкерлердің құқығын қорғаудың тұрақты тәжірибесі және бизнес пен мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылы белгіленеді. Өңірлік кәсіпкерлер палатасының 2025 жылғы жұмысы, бұрынғыдай, құқықтарды қорғау мен әкімшілік кедергілерді төмендетуден бастап экономикалық және салалық мәселелерді шешуге дейінгі бизнесті жүйелі сүйемелдеуге бағытталған.

Бизнесті қорғау дәстүрлі түрде Палата қызметінің негізгі бағыты және салалық кеңестер желісі бойынша да, экономикалық блок шеңберінде де барлық жұмыстардың негізі болып қала береді. Дәл осы призма арқылы 2025 жыл ішінде кәсіпкерлердің өтініштері, салалардың түйткілді мәселелері және іскерлік ортаны дамыту бастамалары қаралды. Бизнестің негізгі мәселелері 2025 жылы өңірлік кәсіпкерлер палатасы жанындағы Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің отырыстарында, сондай-ақ салалық кеңестер шеңберінде жүйелі түрде қаралды. Талқылауға тұрақты негізде жергілікті атқарушы органдар, құқық қорғау және қадағалау құрылымдары, сот жүйесі, депутаттық корпус және адвокаттық қоғамдастықтың өкілдері қатысты.

«Мұндай формат кәсіпкерлердің өтініштерін кешенді түрде — құқық қолдану практикасы мен бизнес үшін нақты салдарларды ескере отырып қарауға мүмкіндік береді. Мәселелердің едәуір бөлігі өңірлік деңгейде шешімін тапты, жекелеген жүйелі мәселелер бойынша орталық мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл қамтамасыз етілді», - деп атап өтті Ақмола облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Ерқанат Мұсылманбек.

2025 жыл ішінде Бұланды ауданында көшпелі отырысты қоса алғанда, кеңестің 16 отырысы өткізілді. Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау бойынша 53 мәселе қаралды, 78 ұсыныс әзірленді, олардың барлығы қолдау тапты. Бұл ретте кәсіпкерлерден өтініштер тұрақты көлемде түсуді жалғастырып жатыр. Бұл өзекті мәселелерді де, бизнесті қорғау институттарына деген сенім деңгейін де көрсетеді.

Жалпы, 2025 жылы Өңірлік кәсіпкерлер палатасының атына кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау желісі бойынша 303 өтініш келіп түсті. Соның ішінде 168 өтініш бойынша оң нәтижеге қол жеткізілді, тиімділік үлесі 55,4%-ды құрады. Бизнестің қорғалған мүліктік және экономикалық құқықтарының сомасы 438,5 млн теңгеден асты. Бұл жүргізіліп жатқан жұмыстың құқықтық қана емес, экономикалық тиімділігін де айқын көрсетеді. Өтініштердің құрылымы әр түрлі болып қалады және бизнес пен мемлекеттің өзара іс-қимылындағы ең осал тұстарды көрсетеді. Жер қатынастары мәселелері жетекші орында — 33%. Мектепке дейінгі білім беру саласындағы мемлекеттік-жекеменшік әріптестікті дамытуға байланысты өтініштер — 18%, сондай — ақ мемлекеттік сатып алулар-18% елеулі үлесті құрайды. Кедендік және салықтық әкімшілендіру мәселелері өтініштердің 15%-ын құрайды. Субсидиялау мәселелерін қоса алғанда, АӨК саласына 7%, өзге бағыттарға (логистика, ТКШ) — 7% келеді. Құқық қорғау органдарының әрекеттеріне шағымдар өтініштердің жалпы санының 2%-ын құрайды.

Өңірде бизнес пен мемлекеттік органдардың тиімді өзара іс-қимылын қалыптастыру мақсатында бизнес-қоғамдастықтың 500-ден астам өкілін біріктіретін 7 салалық және 19 аудандық кеңес жұмыс істейді. Жедел ден қою үшін 1 200-ден астам кәсіпкерді қамтитын бейінді коммуникациялық алаңдар құрылды. 2025 жылдың қорытындысы бойынша салалық кеңестердің 42 отырысы өткізілді, оның 41-і — облыс әкімінің, оның орынбасарлары мен мемлекеттік органдар басшыларының қатысуымен өтті. Осы отырыстар аясында бизнестің 97 түйткілді мәселесі қаралды. Олардың көпшілігі жергілікті атқарушы органдардың деңгейіне шығарылды. Бір бөлігі бойынша түсініктемелер берілді, бірқатар мәселе шешілді, қалғандарв пысықталуда.

Палатаның экономикалық қызметінің маңызды бөлігі облыстың барлық аудандары мен қалаларында жұмыс істейтін 17 Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы арқылы қаржылай емес қолдау шараларын көрсету болып қала береді. 2025 жылы 552 сервистік қолдау қызметі көрсетіліп, 11,6 мыңнан астам консультация ұсынылды.

2023 жылдан бастап өңірде жергілікті кәсіпкерлікті дамытудың базалық құралы — «Бір ауыл — бір өнім» жобасы іске асырылып келеді. Жобаға үш жыл ішінде ауыл мен аудандардан 89-дан астам кәсіпкер қатысты. Үш өңірлік көрменің қорытындысы бойынша 9 жеңімпаз анықталды, 100-ден астам өнім түрі іске қосылды, 2,9 млн теңге инвестиция тартылды, 24,7 млн теңгеге мемлекеттік гранттар алынды, жаңа жұмыс орындары құрылды. Жобаның екі қатысушысы географиялық нұсқау құқығымен — «Бурабай балы» және «Көкшетау халвасы» өнімдерін патенттеді. "Бір ауыл — бір өнім" финалистері республикалық және халықаралық көрмелерге белсенді қатысады.
Жоба өнімі «Алтын сапа» байқауында ұсынылды, онда Мемлекет басшысының жергілікті брендтерді дамытудың табысты моделі ретінде жоғары бағасына ие болды. Айта кетейік, 2025 жылы Ақмола облысының кәсіпорындары бірден бірнеше номинация бойынша «Қазақстанның үздік тауары» және «Парыз» республикалық байқауларының жеңімпаздары атанды: «Бижан» МПК ЖШС — «Азық-түлік тауарларының үздік өндірушісі» «Азия фильтр» ЖШС — «өндірістік тауарлардың үздік өндірушісі»; «Гормолзавод» ЖШС — «Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын»; «RG Processing» ЖШС — ұжымдық шарттар бойынша үздік кәсіпорын; «Айбат» ЖШС — еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын.

Сонымен қатар, білікті мамандармен қамтамасыз ету бойынша жүйелі жұмыс жүргізілді: 1 758 кәсіпорыннан сұхбат алынды, 236 жұмыс беруші 2 807 маманға қажеттілік барын мәлімдеді. ТжКБ жүйесінде 5 700 грантқа мемлекеттік тапсырыс қалыптастырылды. Дуальді оқытумен 740 кәсіпорын және 25 колледж қамтылған. Кәсіптік бағдар беру іс-шараларына 6000-нан астам оқушы мен студенттер қатысты.
Инвестициялық жобалар картасы шеңберінде 6 мыңнан астам жұмыс орнын құрумен 1,4 трлн теңге сомасына 104 жоба сүйемелденеді. 2025 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша өңірге 750 млрд теңге инвестиция тартылды. 2025 жылы Ақмола облысы елдің жетекші аграрлық өңірлерінің бірі мәртебесін растады. Дәнді дақылдардың — 7,6 млн тоннадан астам рекордтық өнімі жиналды,3,6 млн тоннадан астам астық экспортталды.

АӨК-ке 125 млрд теңге инвестиция тартылды, мемлекеттік қолдау көлемі шамамен 245 млрд теңгені құрады. Өңір «Кең дала» және «Кең дала-2» бағдарламалары бойынша көшбасшы болды, бұл ауыл шаруашылығы науқандарының тұрақты өткізілуін қамтамасыз етті.

«Біздің жұмысымыздың басты міндеті мен стратегиялық мақсаты бизнес пен мемлекеттің өзара іс-қимылын одан әрі жақсарту, сындарлы және теңгерімді шешімдер әзірлеу, сондай-ақ қауіпсіз, орнықты және болжамды кәсіпкерлік қызметті қамтамасыз ету үшін кәсіпкерлік субъектілері мен ұйымдардың құқықтық сауаттылығын арттыру болып қала береді», - деп түйіндеді Ерқанат Мұсылманбек

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер

405174