«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Атырауда «Бір ауыл – бір өнім» жобасының барлық финалистері мемлекеттік гранттарға ие болды

2025 жылғы 04 Желтоқсан
- Атырау облысы
65 просмотров

Әр жобаға 5 000 000 теңгеден қайтарымсыз грант берілді.

Еске сала кетейік, 31 мамырда өңірде «Бір ауыл – бір өнім» жобасы қатысушыларының өнімдер көрмесі өтті. Биыл көрмеге 33 бизнес субъектісі қатысты. Кәсіпкерлер өздері шығаратын өнімдердің кең ассортиментін ұсынды.

Көрме қорытындысы бойынша бренд-комитетке өз өнімдерін таныстырған 10 жартылай финалист анықталды. Нәтижесінде жобаның үш финалисі белгілі болды. Олар:
– «Нұрбақыт» ЖК – Нұрбақыт Жаркенова, қаз өнімдерін өндіру;
– «Cool Man» ЖК – Асқар Құлман, ауыл шаруашылығына арналған биогуми өндірісі;
– «Қуанышқалиев Б.Т.» ЖК – Бүлекбай Қуанышқалиев, ағаш бұйымдары өндірісі.

«Біз ауылдарда үлкен әлеуеттің бар екенін және сапалы, сұранысқа ие өнім шығара алатын мықты кәсіпкерлер өсіп келе жатқанын көріп отырмыз. “Бір ауыл – бір өнім” жобасы мұндай өндірушілерге қажетті білім мен қолдау алып, өсіп-өркендеуіне мүмкіндік береді. Финалистеріміздің барлығы қайтарымсыз мемлекеттік грант иегері атанғанына өте қуаныштымыз. Бұл қаражат олардың бизнесін кеңейтуге көмектеседі», – деді Атырау облысы Кәсіпкерлер палатасының бизнеске қаржылық емес қолдау көрсету бөлімінің басшысы Жанаргүл Джуламанова.

Айта кетейік, «Бір ауыл – бір өнім» жобасының негізгі мақсаты – жергілікті өндіріс көлемін арттыру, оның бәсекеге қабілеттілігін күшейту және жергілікті шикізаттан өнім шығаратын кәсіпкерлерді қолдау. Қатысушылар оқудан өтіп, кеңес ала алады, нарыққа шығуға қолдау көрсетіледі және мемлекеттік гранттар конкурсына қатысу мүмкіндігі беріледі.

Сонымен қатар, «Атамекен» ҰКП финалистерді халықаралық форумдар мен жәрмеңкелерге тарту бағытында да жұмыс жүргізуде. Бұл жергілікті өнімдерді жаңа нарықтарға шығаруға мүмкіндік береді.
 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер

405174