«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«Атамекен» ҰКП өңірлік мәслихаттарды 1 желтоқсанға дейін АСР мөлшерлемелерін жедел бекітуге шақырады

2025 жылғы 13 Қараша
1306 просмотров

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы салық реформасын талқылауға белсенді қатысып, жергілікті өкілді органдар – мәслихаттарды 2025 жылдың 1 желтоқсанына дейін оңайлатылған декларация негізінде жаңа арнайы салық режимі (АСР) бойынша мөлшерлемелерді төмендету жөнінде жедел және нақты шешім қабылдауға шақырды.

Бұл бизнестің өз қызметін жоспарлауға және 2026 жылдан бастап күшіне енетін жаңа жағдайларға уақтылы көшуіне мүмкіндік беру үшін қажет, себебі осы күннен бастап қолданыстағы АСР-лардың күші жойылады.

Еске сала кетсек, 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап бөлшек сауда салығы негізіндегі АСР-ды алып тастап, оның орнына оңайлатылған декларация негізіндегі жаңартылған АСР енгізу жоспарланып отыр.

13 қарашадағы жағдай бойынша төмендетілген салық мөлшерлемелері келесі өңірлерде бекітілді:

Ақмола облысы – Жақсы ауданынан басқа барлық аудандарда 2%;

Атырау облысы – 2% Атырау қаласы, Махамбет және Жылыой аудандары;

Шығыс Қазақстан облысы – 2% Өскемен;

Солтүстік Қазақстан облысы – 3% Аққайың ауданы.

Жаңа АСР бойынша базалық мөлшерлеме – 4%. Ал, аталған 2% және 3% – мәслихаттардың салықты 50%-ға дейін төмендету құқығын пайдалана отырып бекіткен жеңілдетілген мөлшерлемелер.

2026 жылға арналған АСР мөлшерлемелерін бекіту мерзімі – 2025 жылдың 1 желтоқсанына дейін.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер

405174