«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Павлодарлық бизнес «Ұлы дала елі» брендін пайдалану құқығын алу конкурсына қатыса алады

2025 жылғы 25 Тамыз
- Павлодар облысы
399 просмотров

Қазақстанның «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Ұлы дала елі» зонтик брендін пайдалану құқығын беру конкурсына өтінімдер қабылдауды бастады.

Конкурстың негізгі мақсаты – отандық компаниялар мен олардың жоғары сапалы өнімдерін «Ұлы дала елі» зонтик бренді аясында экспорт кезінде ілгерілету және елдің шетелдегі танымалдығын арттыру.

«Зонтик бренд «Ұлы дала елі» халықаралық нарықтарда Қазақстан брендин ілгерілетіп жүрген үздік отандық тауар өндірушілерге табысталады», – деді Павлодар облысының Кәсіпкерлер палатасының директоры Ерканат Абенов.

Конкурсқа қатысушылар алты критерийге сәйкес келуі тиіс: экспорт көлемінің үлесі бір өнім түрінің жалпы өндіріс көлемінен кемінде 10 пайызды құрауы қажет; тауар өндіруде немесе қызмет көрсетуде жергілікті үлес кемінде 30 пайыз болуы шарт; халықаралық бизнес-қоғамдастықтардың мүшесі болуы тиіс; қажетті лицензиялар, рұқсаттар, патенттер болуы керек; халықаралық марапаттар мен дипломдарды ұсынуы қажет; ұсынылған портфолио бойынша сауда белгісінің танымалдығы мен компанияның жағымды имиджіне назар аударылады.

Конкурсқа кемінде үш жыл нарықта жұмыс істеп жүрген, таратылу немесе банкроттық сатысында емес, жер қойнауын пайдаланушылар қатарына кірмейтін және өтінімде нақты мәліметтер көрсеткен кәсіпкерлік субъектілері қатыса алады.

Өтінімдер 15 қыркүйекке дейін ресми сайтта https://altynsapa.kz/ онлайн қабылданады. Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі 31 желтоқсаннан кешіктірілмей салтанатты жағдайда өтеді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер

405174