«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қарағандыда өткен Өңірлік кеңес отырысында бизнес тарифтік және несиелік саясаттағы өзекті мәселелерді көтерді

2025 жылғы 18 Шілде
- Қарағанды облысы
235 просмотров

Қарағандыда Қарағанды облысы кәсіпкерлер палатасының Өңірлік кеңесінің тоғызыншы отырысы өтті.

Күн тәртібіндегі басты мәселелердің бірі – энергиямен қамтамасыз ету саласындағы жағдайды талқылау болды. Кеңес мүшелері балама энергия жеткізушілерінің нарықтан кетуінен кейін кәсіпкерлер шектеулі таңдау мен тарифтік саясаттың ашық еместігі жағдайында қалғанын атап өтті.

«Бүгінде бизнес тарифтік жүктемеге ықпал ете алмай отыр. Уәкілетті органдармен диалог жоқ, баға саясаты барынша болжап болмайтын сипатқа ие болуда», – деді Өңірлік кеңес мүшесі Андрей Витик.

Талқылау қорытындысы бойынша тариф қалыптастыру саласындағы сарапшылар, техникалық мамандар мен Палата жанындағы Тарифтер кеңесінің өкілдерінен жұмыс тобын құру туралы шешім қабылданды.

Күн тәртібіндегі екінші мәселе – агроөнеркәсіптік кешенді несиелеу шарттарын қарау болды. Кеңес мүшесі Александр Перов ауыл шаруашылығы өндірушілерімен жұмыс істеген кезде «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ның шарттық тәжірибесіне жүргізілген талдау нәтижелерін ұсынды.

Сонымен қатар, қатысушылар Artsport бағдарламасын жүзеге асыру, мектеп формасын өндірушілерді қолдау және жаңа Салық кодексін қабылдау жағдайында салық жүктемесіне қатысты ұсыныстарды талқылады.

Отырыс аясында колледж студенттері мен мектеп оқушылары арасында бизнес-жобалар байқауының форматы таныстырылды. Бұл бастама Өңірлік кеңестің бастамасымен іске асырылады. Байқау 2025 жылғы тамызда басталады және жастардың кәсіпкерлік ойлау қабілетін дамытуға бағытталған.

Кездесу соңында Кеңес төрағасы Владимир Алескеров кәсіпкерлерді Өңірлік кеңес арқылы бастамалар көтеруге белсенді шақырды.

«Біз үшін бизнестің ұсыныстарын біріктіріп, орталық органдармен тұрақты кері байланыс орнату маңызды. Тек осылай ғана жүйелі өзгерістерге қол жеткізе аламыз», – деп түйіндеді Владимир Владимирович.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер