«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Алматы облысында білім мәселелері бойынша салалық кеңес отырысы өтті.

2025 жылғы 03 Шілде
- Алматы облысы
317 просмотров

Алматы облысының «Атамекен» кәсіпкерлер палатасында Білім мәселелері жөніндегі кеңестің отырысы өткізілді.

Алматы облысында білім беру мәселелері бойынша салалық кеңес отырысы өтті

 Алматы облысының «Атамекен» кәсіпкерлер палатасында Білім мәселелері жөніндегі кеңестің отырысы өткізілді.

Отырыс жұмысына салалық кеңес мүшелері, жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдардың басшылары, сондай-ақ облыстық мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты. Олар қатарында: Алматы облысының білім беру басқармасы, экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы, қаржы басқармасы және цифрлық технологиялар басқармасы бар.

Күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды:

  1. Мектепке дейінгі білім беру саласындағы қаржыландыру тетіктерін жетілдіру мәселесі;

  2. Жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдарда балаларды QR-код арқылы тіркеу жүйесін енгізу мәселесі;

  3. Балабақшаларға арналған жер телімдерінің мақсатты пайдалану түрін өзгерту және бейімделген ғимараттар үшін құрылыс нормалары мен ережелерін (СНиП) жаңарту қажеттілігі;

  4. Өзге де мәселелер.

Бірінші мәселе бойынша:

Салалық кеңес төрағасы К.У. Батырбекова білім беру саласындағы қаржыландырудың жүйелілігі мен ашықтығы мәселесін көтерді.

Алматы облысының білім беру басқармасы басшысының орынбасары Т.Т. Онбырбаева, экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары А.Ғ. Шәлдибеков және қаржы басқармасының бөлім басшысы Г. Адильбек 2025 жылдарға арналған жекеменшік білім беру ұйымдарын қаржыландыру жоспарлары, бюджеттік өтінімдерді қалыптастыру тәртібі және бірыңғай балабақша кезегіне қою мен ваучер жүйесінің тиімділігі туралы қысқаша ақпарат ұсынды.

Екінші мәселе бойынша:

"КАНО" ЖК мен ЗТБ бірлестігінің Алматы облыстық филиалының директоры А.И. Батырханова республикалық бюджет есебінен қаржыландыру мерзімдері, жекеменшік балабақша тәрбиешілерінің еңбек демалысына ақы төлеу тәртібі және QR-код арқылы балаларды жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдарға қабылдауды бақылау жүйесін енгізу мәселелері бойынша сұрақтар қойды.

Сонымен қатар, ақпан айында кейбір жекеменшік балабақшаларға қаражаттың толық аударылмау себептері талқыланды.

Мемлекеттік орган өкілдері өз құзыреті аясында түсіндірмелер берді және туындаған сұрақтар бойынша жауап берді. Олардың айтуынша, бюджеттік өтінімдер тек мемлекеттік балабақшалар үшін талап етіледі, ал жекеменшік ұйымдар жан басына шаққан нормативтік қаржыландыру арқылы қамтамасыз етіледі. Бұл ретте мемлекеттік және жекеменшік балабақшаларды тең дәрежеде қаржыландыру мәселесін мәслихат пен бюджеттік жоспарлау басқармасының деңгейінде қосымша талқылау қажеттілігі атап өтілді.

Цифрлық технологиялар басқармасының өкілдері ақпан айында жүргізілген мониторинг нәтижелері бойынша анықталған қателіктердің негізінен жекеменшік балабақшалар тарапынан орын алғанын және олардың техникалық сипаттағы қателіктер еместігін хабарлады.

Отырыстың қорытындысы бойынша келесі шешімдер қабылданды:

  • Алматы облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы мен қаржы басқармасына қаржыландыру тетіктерін жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеп, оларды тиісті мемлекеттік органдарға жолдау тапсырылды;

  • Алматы облысының цифрлық технологиялар басқармасына QR-код арқылы балалардың балабақшаға келуін тіркеу жүйесінің заңдылығын қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдау жүктелді;

  • Салалық кеңес құрамын жаңарту және өзектендіру мақсатында 2025 жылдың 31 шілдесіне дейін кеңес мүшелерінің құжаттарын толықтай жаңарту және кеңеске мүшелікке қабылдаудың қосымша критерийлерін бекіту тапсырылды.

Отырыс барысында мектепке дейінгі білім беру саласын қаржыландырудың ашықтығы мен тиімділігін арттыру, цифрландыру жүйесін жетілдіру және инфрақұрылымдық талаптарды оңтайландыруға бағытталған нақты міндеттер айқындалды.

Аталған бағыттар бойынша жүйелі жұмыстар жалғасатын болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер