«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«Атамекен» ҰКП отандық тауар өндірушілер үшін мемлекеттік сатып алу бойынша ұсыныстары қолдау тапты

2025 жылғы 01 Шілде
854 просмотров

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 24 маусымдағы №321 бұйрығымен Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына өзгерістер енгізілді. Түзетулер қазақстандық өндірушілер үшін неғұрлым қолайлы жағдайлар жасауға және «Атамекен» ҰКП-ның бұрын жіберілген ұсыныстарын іске асыруға бағытталған.

Негізгі өзгерістер:

  • Шарт бойынша тауарларды жеткізу мерзімі 15-тен 60 күнтізбелік күнге дейін ұзартылды. Бұл шара міндеттемелерді орындаудың бұзылуын болдырмауға және жеткізу кестесін кәсіпорындардың өндірістік мүмкіндіктеріне бейімдеуге мүмкіндік береді.
  • Жеткізілген тауарлар үшін төлем мерзімі 30 күнтізбелік күннен 10 жұмыс күніне дейін қысқартылды. Бұл отандық өндірушілерге қаржылық жүктемені азайтуға мүмкіндік береді және өндірісті неғұрлым тұрақты қаржыландыруды қамтамасыз етеді.
  • Міндетті аванстық төлем мөлшері 30% - дан 50% - ға дейін ұлғайтылды. Бұл өзгеріс айналым қаражатына қол жеткізуді қамтамасыз етеді және сыртқы қаржыландыру көздерін тарту қажеттілігін азайтады.

Бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң күшіне енеді.

Барлық қабылданған шаралар 2022 жылдан бастап Қаржы Министрлігінің атына дәйекті түрде жіберілген «Атамекен» ҰКП ұсыныстарына негізделген. Ұсыныстар редакциялық тұжырымдарды қоса алғанда, толық көлемде қабылданды.

Аталған өзгерістер жергілікті өндірістің өсуін ынталандыруға, қазақстандық кәсіпорындардың сатып алуға қатысуы үшін кедергілерді азайтуға және отандық бизнесті дамытуға бағытталған.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер