«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Кәсіпті таңдау - болашаққа бағдар

2025 жылғы 08 Мамыр
- Түркістан облысы
203 просмотров

Бүгін Кәсіпкерлер палатасының қолдауымен, Серғали Серікұлы мен Наргиза Талхатовнаның жетекшілігімен кәсіби бағдарлау жұмыстары аясында маңызды іс-шара ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында 9-сынып оқушылары көркем еңбек пәнінің мұғалімі Әлімбек Айдарбекұлы және мектеп әкімшілігінің бейіндік бағыт бойынша жауапты өкілі Фаррух Абдурахманұлымен бірге “Sam Brand” маркалы жиһаз өндіретін цехқа экскурсия жасады.

Оқушылар өндіріс процесінің кезеңдерімен танысып, жиһаз жасау технологиясын көзбен көрді, цех қызметкерлерімен сұхбаттасып, кәсіптік бағытта маңызды ақпарат алды. Сонымен қатар, еңбек мәдениеті мен кәсіби жауапкершілік туралы түсініктерін кеңейтті.

Практикалық форматта өткен бұл кездесу оқушыларға үлкен әсер қалдырды. Көпшілігі алғаш рет нақты өндірістік ортада болып, мамандық таңдауға деген ынталарын арттырды.

Кәсіпкерлер палатасы білім беру жүйесін жаңғырту, түлектердің заманауи дағдыларды меңгеруін қамтамасыз ету бағытында жұмыстарын жалғастыра береді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер