«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Ақмола облысында шенеуніктер прокуратураның келісімінсіз компанияға айыппұл салуға тырысты

2025 жылғы 28 Сәуір
- Ақмола облысы
510 просмотров

2024 жылдың ақпанында қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы ЖШС-ға бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берді. Осы жылдың қаңтарында ведомство нұсқаманың орындалуына жоспардан тыс тексеру жүргізді. Соның нәтижесі бойынша бұзушылықтардың толық жойылмағанын анықтады.

Кәсіпорынға 200 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды. Бұл 786 400 теңге. Сонымен қатар, компания жұмысын тоқтатты.

«Бұл ретте, әкімшілік іс жүргізу барысында уәкілетті орган процестік бұзушылықтарға жол берді. Атап айтқанда: ӘҚБтК-нің 741-бабы 1-бөлігі 15-тармақшасының талаптарын сақтамау. Бұл норма инвесторға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғау туралы шешімді прокурормен міндетті түрде келісуді көздейді», - дейді Ақмола облысының кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Расул Сыздықов.

 


Айта кетейік, компания ұлттық цифрлық инвестициялық платформа инвесторларының тізіліміне енгізілген. Бұл тізілім оның инвестор мәртебесін және әкімшілік іс жүргізу шеңберінде ерекше тәртіпті сақтау қажеттігін растайды.

Палата сарапшылары инвестор өкілдерімен сот отырысына қатысып, оның барысында мемлекеттік органның әрекеттерінің заңсыздығын негіздеді. Прокуратурамен келісімнің болмауы істі қозғауды заңсыз етеді, ал айыппұл салу заңсыз болып табылады.

Нәтижесінде Көкшетау қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған соты ЖШС-ға қатысты іс жүргізуді тоқтату туралы ұйғарым шығарды.

 

 

 

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер