Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасының өкілдері Кентау кәсіпорындарын аралады
Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасарлары Кентау қаласындағы бірқатар кәсіпорындарға барып, олардың жұмысымен танысты. Кездесулер барысында кәсіпкерлердің өзекті мәселелері мен оларды шешу жолдары талқыланды.
«Эластополимет» ЖШС – резеңке бұйымдарын өндіретін кәсіпорын. Қазіргі таңда өнімдерін «Қазцинк» секілді ірі компанияларға өткізуде. Дегенмен, цехтің кей учаскелері 50% ғана қуаттылықпен жұмыс істеп тұр. Өнім өткізу нарығын кеңейту мақсатында облыстағы және Қазақстандағы инвестициялық жобалар аясында басқа кәсіпорындармен ынтымақтастық орнату бойынша ынтымақтастық орнату талқыланды.
«Кентау Полиметалл» ЖШС – полиметалл концентраттарын өңдеумен айналысады. Кәсіпорын толық іске қосылған, өндірістік ғимарат салынған, құрал-жабдықтар орнатылған. Дегенмен, өндірістік қалдықтарды уақытша сақтау үшін жер учаскесін бөлу мәселесі өзекті болып тұр.
«Medical Style» ЖШС – медициналық киімдер тігетін кәсіпорын. Кездесуде оқу орталығын ашу және кәсіпорынды одан әрі кеңейту мәселелері талқыланды.
Аудандарды аралаудың басты мақсаты – кәсіпкерлердің мәселелерін тыңдап, ұсыныстарын жинақтау және қажетті қолдау шараларын анықтау.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: