Бизнес және санитарлық бақылау: сапардағы тамақтанудың қауіпсіздігі
Алматыда вокзалдардың қоғамдық тамақтану саласында жұмыс істейтін кәсіпкерлерге арналған семинар өтті.
Кәсіпкерлерге ыңғайлы болу үшін семинарлар көшпелі режимде өткізіледі. Алматы бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы мен бас маманы «Алматы-1» теміржол вокзалындағы қоғамдық тамақтану орындарының иелері мен қызметкерлерінің арасында түсініктеме жұмысын өткізді.
Негізгі назар - тамақтан уланудың алдын-алу және қажетті нормаларға сәйкес іс-шараларды жүргізуге аударылған. Барлық кәсіпкерлерге қойылатын жалпы талаптар бірыңғай: өнім мерзімдерін, сапасын және сақтау технологиясын қатаң қадағалау, қызметкерлердің медициналық тексерістен уақтылы өтуі, санитарлық кітапшаларды алу және оларды мерзімінен асырмай жаңарту, санитарлық және өндірістік бақылауды сақтау.
Әр бизнес-нүктенің тиісті бақылаудан өткені туралы барлық хабарламалар электронды түрде толтырылады, ал мемлекеттік орган тарапынан жүргізілетін жоспарлы тексерулер саны барынша азайтылды, - деп түсіндірді Мейрамгүл Түлікпаева.
Кәсіпкерлер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, оларға толық жауаптар және электрондық қосымшадағы деректерді қалай толтыру керектігі туралы толық нұсқаулар алды.
Семинар «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасы өкілдерінің қатысуымен өтті. Олар семинарға қатысушыларға мемлекеттік органдар қызметкерлері тарапынан қысым немесе заңсыз әрекеттер жасалған жағдайда қайда жүгіну керектігін түсіндірді.
Мұндай іс-шаралар кәсіпкерлердің қолданыстағы нормалар мен ережелер туралы хабардарлығын арттыру үшін, сондай-ақ қоғамдық тамақтандыру саласында бизнесті дамыту, бизнес-қоғамдастықтың мемлекеттік органдармен табысты өзара іс-қимылы үшін жағдайлар жасауға бағытталған.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: