Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасының Сауран аудандық кәсіпкерлер кеңесінің отырысы өтті
Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасының Сауран аудандық кәсіпкерлер кеңесінің отырысы өтті
Күн тәртібінде:
1. 2025 жылға арналған жұмыс жоспары:
Аудандық кәсіпкерлер кеңесінің келер жылға арналған негізгі бағыттары мен басымдықтары талқыланды.
2. Көктемгі дала жұмыстарына жеңілдетілген қаржыландыру мәселесі:
Шаруаларды қолдауға арналған қаржылық құралдар мен олардың қолжетімділігі қарастырылды.
3. Өңірлік кеңеске делегат сайлау:
«Ұлттық палата Төралқасының 07.11.2024 жылғы шешімімен бекітілген қағидаларға» сәйкес өңірлік кеңеске делегат сайлау рәсімі туралы мәлімет беріліп, Өңірлік кеңес мүшелігіне үміткерлер сайлау алды бағдарламаларын таныстырды.
Жиынға Сауран аудандық кәсіпкерлер кеңесінің төрағасы Ержан Мұстапаев, кәсіпкерлер кеңесінің мүшесі Ғалымжан Пернешов, Сауран аудандық филиалының директоры м.а. Санат Сапарбай, сондай-ақ аудандағы кәсіпкерлер қатысты.
Кеңес аясында кәсіпкерлік саласындағы өзекті мәселелер көтеріліп, олардың шешу жолдары талқыланды.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: