«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Өз бизнесіңіз туралы бейне ролик түсіріп iFone 16 plus ұтып алыңыз

2024 жылғы 09 Желтоқсан
- Алматы қаласы
1747 просмотров

Дереккөз: «Атамекен» ҰКП

TikTok және «Атамекен» ұлттық палатасы #ҚазақстандаЖасалған жаңа байқау өткізуде. Ол қазақстандық кәсіпкерлерді қолдауға және олардың бизнесін ілгерілетуге бағытталған.

Байқау 2024 жылдың 9 желтоқсанында басталып, 29 желтоқсанға дейін жалғасады. Қатысушылар өз бизнесі, оның мақсаттары және Қазақстан экономикасына қосқан үлесі туралы айтып беретін ұзақтығы 30 секундтан 2 минутқа дейінгі бейнені жазуы қажет.

Байқауға Қазақстанда тұратын 16 жастан асқан, заңды түрде тіркелген кәсіпкерлер ғана қатыса алады. Және TikTok-та ашық парақшасы болуы тиіс.  Бейнені #ҚазақстандаЖасалған хэштегімен жариялау қажет. Тіркелу хэштег сипаттамасындағы сілтеме арқылы қол жетімді.

4 iFone 16 plus 4 номинация бойынша ойнатылады:

1. Әлеуметтік кәсіпкерлік. Инклюзивті ортаны дамытуға, осал санаттағы адамдарға көмектесуге бағытталған әлеуметтік бизнес — жобалар.

2. Экологиялық кәсіпкерлік. Табиғатты қорғау және тұрақты технологиялармен байланысты бастамалар.

3. Жас кәсіпкер. Инновациялық идеялары бар жас кәсіпкерлер құрған жастар бизнес -стартаптары.

 4. «Бір ауыл — бір өнім». Аймақтың мәдени ерекшеліктерін көрсететін жергілікті тауарлар мен қызметтерді қолдау.

«Алматы еліміздегі барлық кәсіпкерлік жобаларының 20 пайызға жуығы шоғырланған қазақстандық бизнестің жүрегі. Мегаполис отандық кәсіпкерлік үшін өзіндік «локомотив».  Бұл байқаудың шарттары Алматы кәсіпкерлері үшін өте қолайлы. Қаланың экологиясы таза өндіріске көшуді және «жасыл» сервистерді дамытуды талап етеді. Алматыда жастар кәсіпкерлігі белсенді дамып, бүкіл республика бойынша көшбасшы орынға ие. Әлеуметтік кәсіпкерлік біздің қаламыз үшін әрқашан өзекті болды, ал «Бір ауыл — бір өнім» бастамасы жүздеген қала тұрғындарына өз ісін ашуға және нарықта бірегей тауарларды ұсынуға көмектесті. Байқау өз бизнесі туралы ақпаратты көпшілікке жеткізу, танымал болу және жаңа брендтер құру мүмкіндігін ашады.  Не ғұрлым көбірек кәсіпкерлер осы мүмкіндікті пайдаланып, өз бизнесінің көкжиегін кеңейтеді деп сенемін», - деді Алматы қаласы «Атамекен» өңірлік палатасының директоры Нұрсұлтан Шоқанов.

Байқау екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде көру саны мен қатысу бойынша ең жақсы бейнелерді таңдау жүзеге асырылады. Екіншіден, жеңімпаздарды қазылар алқасы қатысушылардың өзіндік ерекшелігін, шығармашылығын және экономика мен қоғамның дамуына қосқан үлесін бағалайды. Сыйлық ретінде жеңімпаздар iPhone 16 Plus алады. Байқау қорытындысы 2025 жылдың қаңтарында жарияланады.


Ұқсас жаңалықтар:

Еншілес ұйымдар

Серіктестер