«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Табанды еңбектің жемісі – құрмет, абырой, ризашылық

2024 жылғы 27 Қыркүйек
- Алматы қаласы
230 просмотров

Дереккөз: Алматы қаласының «Атамекен» ӨКП

«Жекеменшік білім беру ұйымдарының жұмыс Қауымдастығы» ЗТБ төрағасы Роза Садықова 60 жылдық мерейтойын атап өтті. 2008 жылдан бастап ғылыми-білім беру қызметі аясында Роза Садықованың басшылығымен қауымдастық халықаралық жобаларды іске асырды. Сондай-ақ білім беру сапасын арттыру және оның жоғары халықаралық стандарттарға сәйкестігіне келтіруде айтарлықтай жетістіктерге жетті.

Осы жылдар ішінде Роза Шәріпқызы Садықова жеке меншік білім беру ұйымдары жұмыс қауымдастығын сәтті басқарып келеді.  Алматы қаласындағы «Zerdesh» математика және ағылшын тілін тереңдетіп оқытатын оқытатын зияткерлік қазақ тілді мектептің негізін қалаушысы - жұмыс қауымдастығы кәсіптік білім беру саласындағы Германиядағы Трир қаласының қолөнер палатасымен бірлескен жобаның үйлестірушісі болды. Оның нәтижелерінің бірі - Қазақстан экономикасының жекелеген секторларында кірістер мен жұмыспен қамтуды арттыру болды. Қазақстанның кәсіптік-техникалық білім беру мекемелері мен шаруашылық ұйымдарына ШОБ сұраныстарына сәйкес кәсіптік даярлықты жетілдіруге нақты көмек көрсетілді.

Қауымдастықтың бес жылдық мерейтойына орай қазақстандық оқушыларды Ұлыбританияда оқытуда екі жылдық оқу ақысын жабатын стипендиялар алуға арнайы конкурс өткізді. Олардың жалпы құны 100 000 фунт стерлингтен асады. Бұл бастама Қазақстанның жекеменшік оқу орындары оқушыларының үздік дайындығын көрсетуге және олардың әлемдік білім беру кеңістігінде бәсекеге қабілеттілігін дәлелдеуге бағытталған.

Сондай-ақ, қауымдастық австриялық «Такеда Остеуропа ГмбХ холдингі» компаниясымен «Кардиологиядағы коморбидтік жағдайлар: нақты клиникалық практика» атты дәрігерлерге арналған нұсқаулықты дайындау мен шығаруды қолдау бойынша бірлескен жобаны жүзеге асырды.

Бірлестіктің тарихын, қызметінің ауқымын және ғылыми әлеуетін ескере отырып, 2015 жылы «Атамекен» ҚР ҰКП «Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінде жеке кәсіпкерлікті дамытудың жай – күйін зерттеу және тиімділігін әдіснамалық қамтамасыз ету» мемлекеттік тапсырмасын орындаушы ұйым ретінде «Жекеменшік білім беру ұйымдарының жұмыс Қауымдастығы» ЗТБ бекітті. Жоба білім беруді дамыту институтының гуманитарлық зерттеулер орталығы аясында сәтті орындалды. Оны жүзеге асыруға жоғары білікті мамандарды біріктірген көпсалалы авторлық ұжым тартылды. Нұсқаулық зерттеу бизнестің ішкі ортасын зерделеу, бизнес-қоғамдастықтың әлеуетін айқындау және кәсіпкерлердің бизнесті дамыту мәселелеріндегі жауапкершілігін арттыру, білім беру саласындағы кәсіпкерлікті дамыту үшін ашылатын жаңа мүмкіндіктерді неғұрлым тиімді пайдалану арқылы кәсіпкерлік қызметті жетілдіруге бағытталған. 2021 жылы экономика мен жеке кәсіпкерлікті дамытудағы ерекше жеке еңбегі үшін Роза Садықова «Атамекен» ҚР ҰКП-ның «Іске адалдығы үшін» медалімен марапатталды.

Мерейтой иесін «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы төралқасының төрағасы Райымбек Баталов құттықтады. Ол педагогика ғылымдарының кандидаты, жоғары Бельгия мектебінің профессоры, білім берудің құрметті қызметкері Роза Шәріпқызы Садықова - жарқын шығармашылық тұлға, инновациялық идеялар мен батыл жобалардың генераторы екенін атап өтті. Оның ерік-жігері мен сарқылмас энергиясы жеке білім беру құрылымдарының басшыларымен өзара тиімді қарым-қатынас орнатуға ықпал жасайды. Ол - бірлестіктің танылған көшбасшысы, өйткені бастама көтеруге, шығармашылық шешімдер табуға, қауымдастықтың әрбір мүшесінің жұмысына жауапты қарауға, шығармашылықты ынталандырып қауымдастық мүшелерін жаңа жетістіктерге шабыттандырады.

«Құрметті Роза Шәріпқызы, мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтауымызды қабыл алыңыз! Бұл айтулы күн - жеке білім беруді дамытуға қосқан үлесіңіз үшін терең ризашылық білдіруге тамаша себеп. Сіздің дана басшылығыңызбен қауымдастық білім беру ортасында сапаны, инновацияны және кәсібилікті насихаттайтын күшті және ықпалды ұйымға айналды», - делінген құттықтауда.

Арнайы шақырылып жекеменшік білім беру саласының жетекші қайраткерлерінің қатысқан шарада құттықтау адресін мерейтой иесіне Алматы қаласы «Атамекен» ӨКП аппаратының басшысы Әділет Керімбеков табыс етті.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер